Ықылас сүресін оқудың қасиеті.

ЫҚЫЛАС СҮРЕСІН ОҚУДЫҢ ҚАСИЕТІ.

«Ыхлас сүресін оқу, Құран кәрімнің үштен бірін оқығанмен бірдей» (Бұхари)

«Он рет Ыхлас сүресін оқыған адамға жаннаттан бір сарай беріледі.» (И.Ахмед)

«Жатарда жүз рет Ыхлас сүресін оқыған адам Жәннатқа кіреді» (Тирмизи)

«Таң (бамдат) намазынан кейін 11 рет Ыхлас сүресін оқыған адамға Жәннаттан бір сарай беріледі.» (Хараити)

«Таң намазынан кейін 12 рет Ыхлас сүресін оқыған адам, Құран кәрімді төрт рет хатм еткендей сауапқа қауышады.» (Бәззар)

«Азанда кешке үш рет Ыхлас және муауиззәтәйн (Фәлақ, Нас) сүрелерін оқу бәле-жаладан және қиыншылықтардан қорғайды.» (Тирмизи)

«Үйге кірер кезде Ыхлас сүресін оқыған адам кедейшілік көрмейді.» (Т. Куртуби)

«Ыхлас сүресін оқыған мұсылманға жәннат уәжіп болады.» (Нәсаи)

«Кімде-кім сапарға шығарда 11 рет Ыхлас сүресін оқыса, Аллаһу та’ала сапардан қайта оралғанға дейін оның үйін қорғайды.» (И. Нәжжар)

«Арапа күні (барлығын бисмилләһпен айтып) мың рет Ыхлас сүресін оқыған адамның бүкіл күнәлары кешіріледі және барлық дұғасы қабыл болады.» (Әбушшәйх)

«Мың рет Ыхлас сүресін оқыған адам өзін Аллаһу та’аладан сатып алған болады.» (Рафии)

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ыхлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адам бір апта қазадан, бәле-жаладан және жаман істерден қорғанған болады.» (Ибн Сүнни)

«Жатарда Фатиха және Ыхлас сүрелерін оқыған адам өлімнен басқа барлық нәрсенің зиянынан амандықта болады.» (Ибн Абдилбәрр)

«Үш нәрсені істеген адам жәннатқа қалаған есігінен кіреді: Құл ақысын өтеген, әр намаздан кейін 11 рет Ыхлас сүресін оқыған, жанына қас қылған дұшпанын кешіріп өлген адам.» (Бәриқа)

«Ешкімнің жанына, мал-мүлкіне, ар-намысына тимей, арақтан сақтанып, Ыхлас сүресін жүз рет оқыған мұсылманның елу жылдық күнәлары кешіріледі.» (Бәйһақи)

«50 рет Ыхлас сүресін оқыған мұсылманның 50 жылдық күнәлары кешіріледі.» (Дарими)

«Жұма намазынан кейін жеті реттен Ыхлас, Фәлақ және Нас сүрелерін оқыған адамды Аллаһу Та’ъала келесі жұмаға дейін жамандықтардан қорғайды.» (Ибн Сүнни)

Расулуллаһ алейһиссалам бір жері ауырған кезде Фәлақ пен Нас сүрелерін оқып үстіне үрлейтін және ауырған жерін сипайтын. (Бұхари)(с)


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Дін Ислам - Діңгегім

Популярное
-- }}