Айтылмаған оқиға
10.07.2019 в 07:16

Біліп жүр...

Біліп жүр...

"БАҚЫТСЫЗБЫН" деп жылаған жамалым,
Жүректегі бар мұңыңды жамар кім?!
Бүгін сені тастап кетті себепсіз
Мәңгі бірге болам деген адамың..

Ұстағасын "ОЛ" қолынан басқаның,
Таусылғандай өмірдегі тәтті әнің..
Жастық құшып қайта-қайта жылайсың
Бар қайғыңды сейілтердей жастарың..

Айналғандай ол бір үлкен "КЕСЕЛГЕ"
Бір жүрген сәт көңіліңнен өшер ме?!
Ойламаймын деп отырып ойлайсың
Сағынасың, сағынбаймын десең де...

Қалған жандай енді ешкімге "КЕРЕКСІЗ"
Тоңдырады жан-тәніңді кенет күз.
Сен біреуді тастап кеттің жылатып
Сені біреу тастап кетті себепсіз..

Бір адамның болмаған соң күні нұр,
Шағын ғана өміріңнің сыры бұл..
Бірін көріп, тастап кетсең өзгесін
Бақыт саған бұйырмайды "БІЛІП ЖҮР"


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға

Популярное