Арзан қыз.

Айтылмаған оқиға
11.07.2019 в 06:33
Арзан қыз.

Достарыммен бір көлікте күліп - ойнап,
Қонақ үйдің алдына келдік жайлап.
Лəззəт сыйлар ақша үшін бір топ қыздың,
Ордасына келді жастық желі айдап.

Темекі мен əтір иісі араласып,
Төсіменен балтыр жағы жалаң-ашық,
Келіп бір қыз көлікке еңкейді де,
Деді маған: "жігітім,далаға шық!"

Жақтыртпай кеп темекінің сасығын...
Есікті ашып түсіп жатсам ақырын,
Бір топ қыздың арасынан таныс жүз,
Қарап тұрды бетін жауып, жасырын.

Қысқа етек, мойнына шынжыр таққан,
Сылқымдардың арасынан өзін сатқан,
Танып қойдым ғашық болған сол қызды,
Бір кездері көздерінен бақыт тапқан.

Арын сатқан сайтандарға еріген,
Шашы ұшып салқын түннің лебімен.
Көз жанарын төмен салып тұр сол қыз,
Үш жарым жыл қол ұстасқан менімен.

Үш жарым жыл құшағымда өскен гүл,
Үш жарым жыл көңіліме сепкен нұр,
Мені тастап кетіп қалып басқамен,
Қансыратып жүрегімді кескен гүл...

Сатып бұлай кеттің неге тəніңді?!
Ауырттың ау мына ісіңмен жанымды...
Тап төбемнен жай түскендей сезілді,
Көріп сенің аянышты хəліңді...

Көздерінде қуаныштан от жанған,
Қойынына əрбірі бір қыз алған,
Достарым қонақ үйге кіріп барады,
Жарықтары бір көгеріп, бір қызарған.

"Құрбыларың" достарыма еріп кетті,
Бірін - бірі бір түнге серік етті.
Ал екеуміз далада жалғыз тұрмыз,
Арамызға тыныштық келіп жетті....

Желбіреп тұр қара, қысқа көйлегің,
Өткізіп ап бастан біраз ой легін,
Сəлден кейін "Не істейсіз? Аласыз ба?"
Деп дірілдеп төмен қарап сөйледің....

Ал мен тұрмын əзер əзер жұтынып,
Сөйлей алмай, діріл қағып тұтығып,
Шегіншектей артқа қадам бастым мен,
Кететінідей өз ойымнан құтылып.

Бара жатып еріксізден жыладым,
Мына өмірден "бұл қалай?!"деп сұрадым.
Ал артымда қалып қойған "Арзан қыз"
Тізерлей кеп сұлық жерге құладың....

Көз жасы кеп үнсіз қыздың жылаған,
Балтырына домаланып құлаған.
Сүйген мына жүрегім Жаратқаннан,
Амандығын сол бір қыздың сұраған.

Бір кездері қол жетпеген арман қыз,
Енді артымда жер құшақтап қалған қыз.
Енді өмірі кездеспей-ақ қояйық, Жыламашы, аман болшы "арзан қыз".....

Автор:Айбек Едилбай


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға

Популярное