Жазба дейді ;

Кітаптар әлемі
10.08.2019 в 07:00
Жазба дейді ;
Өмірге деген өкпеңді,
Қыс өтпей жатып
Көреді кімдер көктемді?
Ойлама дейді;
Жаралап жанды кеткенді,
Жаңылмау үшін еске алу керек өткенді.

Өкпелеу керек
Безіну керек өмірден,
Іштегі шерді шығарып алда жеңілден.
Жылайда білу
Құлайда білу ол ерлік,
Жарылып тынар қайғы у - ына семірген.

Өмір ғой дейді
Тағдыр ғой дейді кінәләп,
Жете алмай жүрген бақытын жандар қуалап.
Сылтауда жетер себепте жетер іздесең,
Бір қарын майды шірітеді бір құмалақ.

Көрсетпе дейді
Әлсіздік дейді жасыңды,
Бақыттысың тірнектеп жесең асыңды.
Өмірдің мәні осы ғанама адамдар?
Уақытың қашан жақсылық үшін шашылды ?

Автор : Нұрбек Бекұлы


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Кітаптар әлемі

Популярное