Кітаптар әлемі
12.08.2019 в 06:40

Қадыр Мырза Әлидің «Алмас жерде қалмас» кітабынан дәйексөздер:

Қадыр Мырза Әлидің «Алмас жерде қалмас» кітабынан дәйексөздер:

(Махаббат, сезім, ғашықтық, жанұя... )

1. Сен махаббатпен ойнасаң, тағдыр сенімен ойнайды.

2. Адам санасын болмыс билейді. Махаббат-болмысың...

3. Әйелді қорлау – анаңды қорлау: өйткені, өз анаң, екіншісі - балаларыңның анасы.

4. Ғашықтар ұжымақты тірісінде көреді.

5. Ғашықтар уақытша болса да ұжұмақ тұрғындары.

6. Жігіт бақытты болу үшін оның өзі бір қызды бақытты қылуы керек.

7. Ғашықтардың арасындағы бір сәттік түсінбестік - сезімнің соқыр жаңбыры...

8. Сүйген екенсің таусылып сүй, екінші біреуге қарайтын хәлің болмасын!

9. Махаббат деп есіңнен айырылған күн мен есіңді жиған күннің арасын айтады...

10. Ғашықтың бір күні ғасырға татиды. 11. Ғашықтың көзі - өзге көз. Жеткізе алмайсың сөзбе сөз!

12. Адам ғана емес, бүкіл адамзаттың бағыты hәм бақыты (немесе соры) -МАХАББАТ.

13. Махаббат деген Құдайдың құпиясы. Оны ғашықтардың өздері де түсіндіре алмайды.

14. Жымия білген адамның жан жүрегі сұлу. Сүйе білмеген жүрек шикі етпен бірдей.

15. Отбасындағы ойран, ұрыс-керіс Алланың қаhарын туғызады. Мұнда алдымен балалар азап шегеді. Өзгесі түк емес...

«Алмас жерде қалмас» кітабынан


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Кітаптар әлемі

Популярное