"Мен ұнатқан қыз басқа"

Кітаптар әлемі
12.08.2019 в 06:34
"Мен ұнатқан қыз басқа"

Осындайға оқытып жүр сені кім,
Керек емес қызыл-жасыл өмірің.
Маған керек аппақ адал сенімің
Маған керек аппақ қардай көңілің.

Ал жарайды, сен менімен келіспе,
Қай ісіңмен жетем дейсің жеңіске.
Келбетіңе жаға бермей бояуды
Ең бірінші ниетіңді тегісте.

Бақыт күн де қона бермес уысқа,
Жүрек қайда, кеуде тұсың қуыс па?
Тек шынайы сезіміңмен арпалыс
Сүймегенді сүйдіруге тырыспа.

Біз жүретін жолдар бөлек, із басқа,
Сүю түгіл(і) лайықпыз ба біз досқа.
Жылатпаймын киносындай түріктің
Ашық айтам, мен ұнатқан қыз басқа.

Осындайға оқытып жүр сені кім,
Керек емес қызыл-жасыл өмірің.
Ақ пен қара қатар келген жалғанда
Қарапайым болу керек серігім.

Жәнібек Салқынбек


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Кітаптар әлемі

Популярное