Кітаптар әлемі
15.08.2019 в 11:59

Жасандылық...

ЖАСАНДЫЛЫҚ...

Көңіл қалды адамның біразынан,
Зиялыдан, зымиян биязыдан.
Ойпырмай, жалықтырды жасандылық,
Көңілді қайтсем екен құлазыған.

Анау жүр ұлттың қамын жеген болып,
"Қазағым! Қайран жұртым!" деген болып.
Елім, жұртым дегені жасандылық,
Қорықсаң зымияннан деген қорық.

Анау жүр бетке ұстап тілді, дінді,
Көлгірсіп, көп аңқауды жынды қылды.
Тілім, дінім дегенің жасандылық,
Біледі мына халық тірлігіңді.

Анау жүр ақиқатшыл, шыншыл болып,
Діншіл болып, өзінше сыншыл болып,
Бет пердесін сыпырсаң, айтқандары,
Шығады түкке алғысыз былшыл болып.

"Жерге қорған мен ғана" дегеніңмен,
Хабардармыз ішкенің, жегеніңнен.
Жерім, елім дегенің жасандылық,
Жер елдікі сендеге төзе білген.

Анау жүр елдің бәрін дүрліктіріп,
Ел үшін еттім ғой деп кіл мықтылық.
Ел атынан сөйлеуге қақың бар ма,
Арыңа алғаннан соң кір жұқтырып.

Көзіне талайлардың жас алдырып,
Өзінше жасағанмен асау қылық.
Көбінің көздегені өз мүддесі,
Елім, жұртым дегені жасандылық.

Тәтті сөз кім- кімді де елітеді,
Жүректі қорғасындай ерітеді.
Абай бол, жетекке алып кетпесінші,
Жасандылық сиқыры сені тегі...

Әділбек Қаба


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Кітаптар әлемі

Популярное