Кітаптар әлемі
15.08.2019 в 11:58

Бекен Қайратұлы былай деп жазыпты...

Бекен Қайратұлы былай деп жазыпты...

Жолбарысты қалай жуасытады?

"Жалпы жолбарысты бағындырудың екі түрлі әдісі бар көрінеді. Соның бірі – мәжбүрлеу һәм ұрып-соғып жуасыту. Осы тәсілді алғаш рет қолданып жолбарысты цирк манежіне алып шыққан адам – франуз А.Мартэн. Бұл кісі 1831 жылы Африка жолбарысын жуасытқан. Одан кейін 1890 жылы тағы да осындай тәсіл қолданып, еуропалық цирк өнерпаздары Э.Дерлинг пен Ю.Зетт жыртқыш жануарларды үйірімен үйретіп, цирк алаңында өнер көрсетіпті.
1900-шы жылдары К.Гагенбек бастаған орыс әртістері ұрмай-соқпай жолбарысты өзіне бағындыратын тәсіл ойлап тапқан. Бұл әдісті артынан В.Л.Дуров жетілдірсе керек. Ол былай: орыс әртістері жаңа туған жолбарыс күшігінің шаранасын кептірмей тұрып, үйретуші әйелдің жып-жылы қойнына салып жіберетін болған. Қыңсылаған бейшара күшік түртініп жүріп, сасық тер сіңген, сары жалпақ омырауды шолп-шолп сорып, ауызданады. Бір апта сары қарын, жалпақ төсте жатып ұйықтайды. Осылай күшік күнінде мұрнына сіңген сасық иіс әлгі бейбақты өмір бойы құл етуге жетіп жатыр. Өсіп-жетіліп азуы алты қарыс жолбарыс болғанның өзінде мұрнына баяғы иіс келсе кірерге тесік таппай бажылдайды екен.
Сонымен қашан қартайып өлгенге дейін сүйір сапты қамшыдан зәресі ұшып, цирктің алаңында аттай шапқылайды. Одан туған күшік те сол баяғы таз кейіпті киеді. Қысқасы, бүтін бір үйір жолбарысты орыс әйелдің төс иісі құл қылып жібереді… Бұдан да сорақысы осындай тәлім-тәрбиемен ер жеткен жолбарысты биолог-ғалымдар тәжірибе жасап көру үшін орманға жіберіпті. Өздігінен өмір сүре алар ма екен…Цирк жолбарысы өздігінен өмір сүре алмапты. Ең ғажабы, Алла жаратқан табиғи бейімділігінен ажыраған. Кең жазирада алшаң-алшаң басып жүретін түйсіктен түйір де қалмаған. Тікен басып көрмеген табаны болбырап, төрт аяғымен тік жүру мұң болыпты. Бәрінен де қызығы, әлгі тарғыл шерінің талдың түбінен орғып шыққан ор қояннан қорқып, айнала қашқанын қайтерсіз…Ақыры өздігінен өмір сүре алмай өлетін болғандықтан жарымес жолбарысты ғалымдар циркке қайта алып келген көрінеді. Қазіргі кейбір қазақтың халі осы жолбарыс сияқты".


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Кітаптар әлемі

Популярное