Бүгінгі күні сынақтар көп желіде

Айтылмаған оқиға
15.08.2019 в 07:36
Бүгінгі күні сынақтар көп желіде
Біткен істен сын ақтарар кеп желіге
Бұл желінің бүгінгі жұлдыздары
Қызметі жоқ шын атқарар еліне

Қызмет етсең, ісіңнен мін іздейді
Талап етсең, кіретұғын ін іздейді
Шындық қусаң, шырмауық адамдарың
Жоғары сатыларға мінгізбейді

Істей берсең, қызметте талап етер,
Жалқаулары еңбегіңді талап кетер.
Ешбір ер өз қызметін міндетсімес
Дегенменен, еленгенін қалап өтер

Басшың да, маманың да пенде емес пе
Сынаушың да сонымен тең де емес пе
Біреуді сырттай мінеп сынағанша
Бірлесе қызмет жаса сен кеңесте!

Ісіміз ілгерлейді тек бірлікпенен
Іс атқарайық шынайы тірлікпенен
Айқай-шудан ешқандай пайда келмес
Тыныш жүрейік адамдай дүрлікпеген
Ұсақшылдық барады белең алып
Қазағым біз қалайық ірлікпенен
Иманға тұнып тұрған жүректерді
Ауыртып сыздалмайық кірлікпенен


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға

Популярное