НҰРЛЫ ДАҒУАТ | Діни Портал
20.08.2019 в 11:34

Ипотекаға үй алуға бола ма? / Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы

Ипотекаға үй алуға бола ма? / Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы

Саф таза дінімізде өсімқорлықтың харам екендігі туралы және оның апатқа ұшыратушы үлкен күнә екендігі туралы айқын дәлелдер Құран мен хадисте молынан кездеседі. Әрі бүкіл мұсылман ғұламаларының бұл мәселе туралы ғылыми пікірі де бірауызды. Өсімқорлықты халал деп есептеген жан, Алла сақтасын, кәпір болады. Өйткені ол дініміздегі әрбір мұсылман біліп, мойындауға міндетті мәселелердің бірі. Ал өсімқорлықпен оның халал деп есептемей айналысқан жан үлкен ең күнәлардың бірін жасаған болады. Әрі сол қылмысы арқылы әділдік, куәгерлік сипаттарынан айрылады. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген:
.
«Уа, иман келтіргендер, үсті-үстіне өсім жемеңдер! Алладан қорқыңдар, бәлкім құтыларсыңдар» (Әли Имран, 130);
.
«Адамдардың мал-мүліктері көбеюі үшін берген өсімдерің Алланың алдында өспейді, ал Алланың разылығын қалап берген зекеттерің, міне, соларың еселенеді» (Рум, 39);
.
«Өсім жейтіндер шайтан басып қалған адамдай тұрады (қайта тіріледі). Бұл –– олардың «Расында сауда өсімқорлыққа ұқсас» деп айтқандары үшін. Бірақ Алла саудаға рұқсат етіп, өсімқорлыққа тыйым салды. Кімге Раббысы тарапынан үгіт-насихат жетіп, ол (өсімқорлықтан) тыйылса, оның бұрынғы істері кешіріліп, ісі Аллаға өтеді. Ал кімде-кім оған (өсімқорлыққа) қайта оралса, олар – тозақтың тұрғындарына айналып, онда мәңгілікке қалады. Алла өсімқорлықты жойып, садақаны өсіреді. Алла күллі күнәһар кәпірді жақсы көрмейді» (Бақара, 275-276);
.
Сахих кітаптардағы Жәбір (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) өсімді жеушіге де, өкіліне де, жазып алушыға да және куәгерлеріне де лағынет (қарғыс) айтып: «Олардың бәрі бір топ», – деген. Мүслім риуаят еткен.

📲 жүктеу: https://t.me/daguatkz


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества НҰРЛЫ ДАҒУАТ | Діни Портал

Популярное