Дін Ислам - Діңгегім
20.09.2019 в 02:26

Тәрбие бер...

Тәрбие бер...

Бойынан тайса қыздың ұят, ары,
Ессіз еркек есі кетіп құмартады.
Әурет ашып тек қана өзіне емес,
Өзгенің де мойынына күнә артады.

Бойынан тайса қыздың ұят, ары,
Көрінген еркек оны ұнатады.
Көз кеткен соң сөз кетер содан соң іс,
Осылайша пәктігін жоғалтады.

Бойынан тайса қыздың ұят, ары,
Санасыз еркектерді қуантады.
Пайдаланып алған соң сүмелектер,
Қоқыстай күресінге бір атады.

Бойынан тайса қыздың ұят, ары,
Жамандықпен шығады елге атағы.
Қызға тән қылықардың бірі қалмай,
Еркекке бірінші боп тіл қатады.

Бойынан тайса қыздың ұят, ары,
Жоламай безеді одан құрбылары.
Жұртта қалған күшіктей жалғыз ұлыр,
Болмаған соң жанашыр, жұбатары.

Бойынан тайса қыздың ұят, ары,
Басына қонбай жатып ұшар бағы.
Кішкентайдан мәпелеп, бағып-қаққан,
Жазықсыз ата-анасын жылатады.

Бойынан тайса қыздың ұят, ары,
Ғайбат айтып ел ішін шулатады.
Өз үйі бола тұра арын сатып,
Сауна мен клубтарда таңы атады.

Бойынан тайса қыздың ұят, ары,
Жаратушы Раббысын ұмытады.
Қыздар бұлай бетімен кетпес еді,
Білсе егер-
Қияметте берілер азаптарды.

***
Бауырлар!
Жегідей жеп кеткеннен соң жанымды,
Түсінер деп мұң шақтым міне тағы,
Орамалды сөге бермей басындағы,
Шариғатпен өсір қызды қасыңдағы.
Тәуекел етуді үйрет Раббысына,
Үлгі етіп Сара мен Ажарларды.
Дініңді сатпа деп айт Әсиядай,
Шығып бара жатса да шыбын жаны.
Арыңды сақта деп айт мысал етіп,
Құранда аты алған Мәриямды.
Тәрбие беріңдерші үлгі етіп,
Пайғамбардың ( ﷺ ) жұбайы Хадишаны.
Еріңе адал бол деп ақыл үйрет,
Үлгі етіп ардақты жан Айша ананы.
Қызыңның қадағала әр қадамын,
Себебі қыз-
Өзің сүйген ұлтыңның болашағы.

(Өлеңде аты аталған барша аналарға Аллаһ разы болсын)

Албаров Мадияр.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Дін Ислам - Діңгегім

Популярное