"Адам болып қалу парыз"

Жаңа әндер [KZ]
01.02.2016 в 05:17
"Адам болып қалу парыз"

Мені сынап ұрысқандар,
Қабақ-шытып,тырысқандар.
Басымнан бақ ұшқан кезде,
Менен жырақ,жылысқандар.
Дос боп кейін,шығысқандар.
Мені босқа жазғырғанша,
Әр ісімді аңдығанша,
Өздеріңді дұрыстаңдар...

Итеріп кеп құлатқандар.
Менен алыс,жырақтаңдар.
Жүрегімді ұға алмай,
Жанарымды жылатқандар.
Қарғып алып,өте шығам
Алдан шыққан сынақтан дәл.
Мен осылай қала берем,
Ұнатыңдар,ұнатпаңдар...

Қырқып алған қанатымнан,
Неше түрлі жала тұрған.
Жебелерден қорықпаймын.
Пайдасы бар,сан атылған.
Адам болып қалу парыз,
Адам болып жаратылғам...

@ Бисенов Батырхан
Популярное