Айтылмаған оқиға
19.02.2016 в 08:01

Өткенде ғой, досым үйленетін боп мен күйеу жолдас болатын болдым! Геленді жалдап...

Өткенде ғой, досым үйленетін боп мен күйеу жолдас болатын болдым! Геленді жалдап ап қыз ұзатуға бардық, той шағын ғана 100-150 адамға арналып жасалған екен, есесіне әншілер, цирк әртістері жүр, жалпы қыздың әке шешесі, журналисттер, қаржылық жағдаилары да мықты сияқты! досым екеуміз шәйнекке виски құйып алып сыздатып отырдық, той керемет өтіп жатыр енді, ылғи өнер адамдары болған соң ба бір бірінен қалыспай, тойды қызықты етуге тырысып жатыр. Бір кезде бір үлкен аға шығып, күйеу жігітті танығың келсе жолдасына қара - деп, мені ортаға шақырды да, артынша ойын ойнатып жіберді. Ойын шарты бойынша 2 штук литровый коланы төбесінен ұстап тұрып отжимание жасау керек екем, өзім аздап маспын, қой ұят болмасын деп барынша тырысып 8 рет отжимания жасадым. Онымен қоймай жерге орамал тастап тізені бүкпей тіспен алу керек деді, ӘРУАҚ дедім да шпагатқа отырып, өзімді тастап жібердім, осы кезде шалбардың ауы.... парт ете қалды ғой, ұят ай... әйтеуір орамалды тіспен алып асаба жігітке бердім де, өзім бұтымды ұстаған күйінде сибалса болдым. Шүкір қызды абыроймен алып кеттік! Ал қәзір костюм шалбарды химщисткаға апара жатырмын, 8 не қыз ұзату, тағы да күйеу жолдас боламын)


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға