Сақтап ал күрделі мәтіндік сұрақтар

САҚТАП АЛ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІК СҰРАҚТАР

ҰБТ 2020 Ұлттық тестілеу орталығынан ✅✅✅

Авторлармен еңбектерін дұрыс сәйкестендіріңіз:
1. Құрманғазы Сағырбайұлы; 2. Тәттімбет Қазанғапұлы; 3. Дәулеткерей ІІІығайұлы; 4. Біржан Қожағұлұлы; 5. Жаяу Мұса Байжанұлы.
А. «Бес төре»; Ә «Адай»; Б «Желдірме»; В «Ақтентек»; Г. «Бозторғай»
 
A) 1-Ә; 2-А; 3-Б; 4-В; 5-Г +++
B) 3-Ә; 2-Б; 4-А; 1-Г; 5-В
C) 5-Г; 2-Б; 4-Ә; 1-В; 3-А
D) 3-В; 1-А; 2-Ә; 4-Б; 5-Г
E) 4-Б; 2-В; 5-Г; 3-Ә; 1-А

«Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілі, Қазақстанның қоғам қайраткері, құқық магистрі. Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген (1903). 1903-1905 жылдары Омбы сот мекемелерінде қызмет еткен. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция оның саяси белсенділігінің оянуына жағдай жасады. Бұл жылдары ол митингілер мен жиналыстарда жиі сөз сөйлеп, Омбы, Петропавловск, Семей, Павлодар, Баянауыл мен Қарқаралы қалаларында болған демонстрацияларға қатысты. «Степной край» (Омбы) газетінде самодержавиені, полицейлік жүгенсіздікті, шенеуніктердің парақорлығын әшкерелеген, патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен қанауына қарсы халықты белсенді күреске шақырган мақалаларын жариялады. 1908 жылы Омбы арқылы Якутияға, ал 1910 жылы патшаға қарсы үгітті жалғастырғаны үшін Тобылға жер аударылды. 1917 жылғы Ақпан революциясын Якутияда қарсы алды. 1917 жылы наурызда Қазақ автономиясы жөніндегі ұрандар көтергені үшін Уақытша үкімет оны тұтқындады. 1917 жылы Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды».
Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаңыз:
 
A)  М. Дулатов
B)  Б. Қаратаев
C) Ж. Досмұхамедов
D) Ә. Бөкейханов
E) Ж. Ақбаев +++

Мәтінде сипатталған шаруашылықтағы өзгерістердің орын алған кезеңі.
«Металл ауыздықтың шығуы жылқы малын міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Атқа мінген бақташы ендігі жерде малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды. Мал басының өсуі, оның үстіне қыста да тебіндеп жайылатын жылқы мен қой санының көбеюі жайылым ауыстырып, көшіп отыруды қажет етті»:
 
A) Ерте темір дәуірі +++
B) Неолит
C) Мезолит
D) Палеолит
E) Мыс-тас дәуірі

«Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру- тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды.
Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.
Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кенейтті.
Тортіншіден, озін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты.
Бесіншіден, ... салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды»: Мәтінді бойынша тарихи шындыққа сәйкес келмейтін жауапты анықтаңыз.
A) Әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағынан өзіндік этникалық ерекшеліктері бар елге айналды.
B) Хандық өзінің этникалық аумағын кеңейттІ.
C) Қазақ хандығының этникалық құрамы оның алдындағы этносаяси қауымдастықтардан мүлде өзгеше болды. +++
D) Қазақ халқының этникалық жағынан шоғырлануы күшейді.
E) Хандықтың озіндік дәстүрлі басқару жүйесі орнады.

Хан 1368-1369 жж. өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқтырады. Ол 1374-1375 жж. Еділ бойына қарай жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды»:
Мәтінде сипатталғаи тарихи оқиғаны анықтаңыз.
A) Алтын Орданың мемлекет ретінде жойылуы
B) Ақ Орданың Алтын Ордадан мүлдем оқшаулануы +++
C) Әмір Темірдің Алтын Ордадағы жаулаушылық соғыстары
D) Алтын Ордада Әмір Едіге билігінің күшеюі
E) Алтын Ордада Тоқтамыс билігінің нығаюы

«Іле өлкесінің тұрғындарына олардың қазіргі тұрып жатқан жерлерінде Қытайдың кол астында қала беруіне де, Ресейдің жеріне өтіп, оның қарамағына өтуіне де ерік беріледі. Ресейге қоныс аударғысы келетіндер 1 жыл ішінде ойланып, шешім қабылдауы тиіс» 1981 жылы 24 ақпандағы Санкт-Петербург бейбіт келісімшартынан.
Мәтін бойынша Іле өлкесінің тұрғындарына берілгеи кұқықты анықтаныз:
A) Екі бірдей империяның да азаматы болу
B) Қытай империясының құрамында Жетішар автономды аймағын құру
C) Жетісу облысының аумағына қоныс аудару +++
D) Қазақстанның кез келген облысына қоныстану
E) Ресей империясының құрамында Іле сұлтандығы автономиясын жариялау

«Осы жерлер «інжу» деп аталған. Ол «жасау» деген мағынаны берген. Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпактарының қолына түсетін. Інжулік иеліктер хандық өкіметтің немесе ұлыстың орталығы орналасқан шұрайлы жерлерінде болған. Мысалы, Алтын Орда хандарының інжулік жерлері Еділ бойында болеа, Шағатай мемлекетінің інжулік жерлері ІІІу, Іле, Талас алқаптарының шұрайлы өңірлерін алып жатқан».
Мәтінде сипатталған «інжу» терминінің мағынасын анықтаңыз.
A) Хан жасағының пайдасына жиналатын алым-салықтың түрі.
B) Ханға адал қызмет істегендерге берілетін жер.
C) Дін иелерінің жері.
D) Ханның иелегіндегі жер. +++
E) Алтын Орда мен Шағатай ұлысында көшпелілерден мал басына алынатын салық.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ЕНТ 2016 | ҰБТ 2016 | KAZTEST.RU

Популярное