Қызылорда Медициналық колледжі[KMK]
04.01.2016 в 04:58

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Алла құранда: «Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді», - деді. (әз-Зарият сүресі, 55 – аят)

✅ ЖЕҢГЕТАЙ ТОПТАРҒА ЕСКЕРТУ

Қыз бен жігіттің некесіз қарым-қатынасы - бүгінгі таңда өкінішке орай жастар арасында кең таралған арсыздыққа айналды. Әлеуметтік желілер пайда болғалы бұл арсыздық он есеге ұлғайды. Тіпті қыз бен жігітті табыстыратын, таныстыратын жеңгетай топтар жұмыс жасайды. Әр қаланың, ауылдың, тіпті әрбір оқу орнының өз жеңгетай топтары бар. Ондағы тіркелген бауырларымыздың санында шек жоқ. Қу нәпсінің қармағына ілінген жігіттер мен қыздар суреттерін топқа жариялап, сезімдерін жеткізу арқылы бір-бірін іздестіреді. Соңынан кездеседі де, кездесу соңы физикалық әрекеттерге жалғасады. Яғни қол ұстасады, құшақтасады, онан әрі сүйіседі. Имам Табарани арқылы жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ): «Әйелдермен бір жерде жалғыз қалудан сақтаныңдар. Аллаға ант етемін, бір кісі бір әйелмен жалғыз қалғанында араларына шайтан кіреді», - деп айтты. Шайтан бар жерде, азғыру бар. Оның соңы зинамен аяқталуы әбден мүмкін. Ислам дініміз жастардың некесіз араласуына тиым салды. Бұл арсыздыққа құранда да, хадистерде де қатаң ескерту жасалды.

Алла «Нұр» сүресінің 30-31 аяттарында: «Мүміндерге айт бөгде әйелдерге қараудан көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Расында Алла олардың не істегендерінен хабардар. Мүмін әйелдерге де айт бөгде ерлерден көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар!», - деп ескертеді.

Сондай-ақ, Алла «Исра» сүресінің 32 аятында: «Зинаға жоламаңдар. Өйткені, ол анық арсыздық және жаман жол», - деп айтты. «Зинаға жоламаңдар» тіркесі зинаға апаратын себептерден, жағдайлардан, әрекеттер мен істерден сақтаныңдар деген сөз. Алла елшісі (ﷺ): «Зинақорлықтың алты түрлі жазасы бар. Оның үшеуі осы дүние де, үшеуі ақырет күнінде болады. Осы дүниедегі үш жазасы: ол адамның бетінен нұры кетеді, кедей болады, өмірі қысқа болады. Ал, ақыреттегі үш сипаты: Алланың қаһарына ұшырайды, ақыретте есебі қиын болады, сондай-ақ, мәңгі отта қалады», - деп айтты. (ӘбуЛәйс Самарқанди, Қуррату-л-Ғуюн 21-бет).

Бұл арсыздыққа қатысты Алла елшісі (ﷺ) өзінің хадистерінде: «Бөтен әйелге шаһуәтпен қараған адамның көзіне балқыған қорғасын құйылып жаһаннамға тасталады», - деп айтты. Сондай-ақ, Ол кісі (ﷺ): «Кісінің басына темір қазық батырылуы, некесіз бір әйелге қолының тиюінен де жеңіл келеді», - деді. (Табарани, Байһаки). Соған жалғас: «Бөтен әйелмен құшақтасқан еркек шайтанмен бірге шынжырға ұрылып отқа тасталады», - деді. (Шира). Имам Табарани жеткізген хадисте ардақты пайғамбарымыз (ﷺ): «Әйелдермен бір жерде оңаша қалудан сақтаныңдар. Алланың атымен ант етейін, бір еркек бір әйелмен жеке қалғанда араларына шайтан кіріп отырады. Бір кісінің үсті-басы нәжіс бір шошқамен құшақтасып жатқаны некесі жоқ бөтен әйелге жақындауынан әлдеқайда жеңіл болып қалады», - деп айтқан.

Құран мен хадистерде қатаң ескертілген бұл арсыздық ауыр күнә болып саналады. Жастардың бұл күнәға бой алдыруы діни сауаттылықтың жоқтығынан келіп туындайды. Алдыңғы жарияланған бөлімде бұл арсыздыққа қарсы ескерту жасалған болатын. Бұған әсер етуші әрине сыртқы факторлар. Либералды әлем тарапынан қазақ қоғамын дінсіз ету мақсатында жасалып жатқан рухани шабуылдар. Ата-аналарға құлақ қағыс.

Осыған орай жеңгетай топтарды басқарып отырған админдерімен хат алмастық. Өздері басқарып отырған топтары өздері үшін қаншалықты қауіпті екенін түсіндірмек болдық. Біреулерінің нәпсілеріне ауыр тиді ме, әйтеуір сұрағымызға жауап бермеді. Енді біреулері бізбен келіспейтіндіктерін айтса, енді біреулері қателіктерін түсініп тәубеге келді. Енді біреулері мазақ еткендей әрекетке барды. Ал біреулері болса мұның күнә екенін біле тұра, осындай іс-әрекетті саналы түрде жасайтынын меңзеді. Ескерткеніміз үшін алғысын айтты. Әрі қарай не істеу керектігін өзі шешеді-мыс. Әрине, таңдау құқығы өз еріктеріңізде. Оған дауымыз жоқ. Бізді алаңдатқаны сол жеңгетай топтарға тіркелген бауырларымыз. Сіздердің арсыздық жайлаған топтарыңызда күнәға батуына, сіздердің шындықты біле тұра саналы түрде жасаған күнәларыңызға ортақ болуына бейжай қарай алмаймыз. Өз күнәларыңызға өзгелерді елітпеңіздер.

Жеңгетай топтарыңыз өздеріңіз үшін қаншалықты қауіпті екенін білгендеріңізде, бұлай жасамаған болар едіңіздер. Мысалы некесіз қыз бен жігіт сіздердің топтарыңыз арқылы танысты. Әрі қарай кездесті делік. Шариғат үкімдеріне атүсті қарайтын жастар, әрі қарай не істейтіндері айтпасақ та белгілі. Яғни қол ұстасады, құшақтасады, онан әрі сүйіседі. Тіпті шайтанның азғыруымен кездесудің соңы зинамен аяқталуы әбден мүмкін. Бұл күнәлары ең алдымен өздерінің амал дәптерлеріне жазылады. Сонан соң бұл ауыр күнә еселеніп, сіздердің амал дәптерлеріңізге жазылады. Себебі олар сіздердің жеңгетай топтарыңыз арқылы танысты, яғни тікелей ықпал етуші сіздер болып табыласыздар.

Бұған дәлел ретінде мына хадисті келтіреміз. Алла елшісі (ﷺ): «Кімде-кім тура жолға шақырар болса, онда оған оның артынан ілескендердің сауабындай сауап болмақ. Олардың сауабынан ешнәрсе де кемітілмей беріледі. Ал кімде-кім адасушылыққа шақырар болса, онда оған оның артынан ілескендердің күнәсіндей күнәлар жазылмақ. Олардың күнәларынан ешнәрсе кемітілмей беріледі», - деген. (Муслим 2674). Алла «Бақара» сүресінің 281 аятында: «Аллаға қайтарылатын, сонан соң әpкiмнің еңбегі өздеріне кемітілмей толық бepiлeтін күннен сақтаныңдар», - деп қатаң ескерту жасады. Сондай-ақ: «Расында мүміндердің арасында арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүниеде де, ақыретте де күйзелтуші азап бар», - деп айтты. (Нұр сүресі, 19 – аят).

Сіздер үшін ең абзалы топтарыңыздың жұмысын тоқтату немесе топтың атын өзгертіп адамдарға екі өмірде де пайдалы болатын, адамдарды жақсылыққа шақыратын топқа айналдыру. Бұл өздеріңіз үшін қайырлы. Себебі Алла елшісі (ﷺ): «Кімде-кім жақсылыққа сілтер болса, онда оған жасаушының сауабындай сауап болмақ», - деп айтқан. (Муслим 1893).

Арсыздық жайлаған топтарға кіріп, харам болған жарияланымдарға «лүпіл» мен «бөлісу»-ді баспай жатып, мына бір хадисті еске түсіріңіздер: «Кімде-кім күнәлі іске тіпті жартылай сөзбен жәрдемдессе, ол сол күнәнің сыбайласы болады». (Ибн Маджа, Байһаки). Яғни сіз арсыз топтардың жарияланымдарына «лүпіл» мен «бөлісу»-ді басу арқылы, сол күнәнің таралуына атсалысасыз. Сондай-ақ, олардың күнәларына ортақ боласыз.

Құрметті бауырлар, мұндай арсыздық жайлаған жеңгетай топтар әлеуметтік желілерде өте көп. Бейхабар бауырлар мен әпке-қарындастарымызға ескерту үшін, көптеп таратуларыңызды өтініп сұраймыз. Әрбіріміз кем дегенде он адамға ескертетін болсақ, ин ша Алла бұл арсыздықтың алдын алуға болады. Мұндай арсыз топтарға қарсы күресу әрбір мұсылманның міндеті. Себебі Алла елшісі (ﷺ): «Кімде-кім жеккөрінішті іс көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер шамасы келмесе, онда тілімен. Ал бұған да шамасы келмесе, онда жүрегімен өзгертсін, алайда бұл иманның әлсіздігінің белгісі», - деп айтқан. (Муслим, 177).

Сондай-ақ, Алла елшісі (ﷺ): «Мүміндердің күші басым ортада қандай да бір келеңсіздік орын алса, осы келеңсіздікті тудырған адаммен бірге бұны көре-біле тұра оны тыюға атсалыспаған жақсы-жайсаңдар да бірдей жазықты болады. Осыған орай тартатын жазалары да бірдей болмақ», – деген. Соған жалғас былай деді: «Жанымды уысында ұстаған Аллаға ант етейін! Адамдарға жақсылықты жайып, жамандықтан тыясыңдар, олай етпеген жағдайда Алла тағаланың жіберетін азабы тым жақын. Одан соң қаншама жалынып-жалбарынсаңдар да дұғаларың қабыл болмайды». (Термизи, Китабуль-фитән, 2170)

Ескерту жеткеннен кейін күпірлік танытып, Аллаға және Оның елшісіне (ﷺ) қарсы келуден қорқыңыздар. Алла «Ахзаб» сүресінің 36 аятында: «Алла және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда расында ол ашық адасқан болады», - деп айтты. Сондай-ақ, «Әли Имран» сүресінің 4 аятында: «Расында Алланың аяттарына қарсы келгендер үшін қатты азап бар», - деп ескертті.

Қаншама қандастарымыз алтыннан да қымбат уақыттарын осындай арсыз топтарға жұмсайды. Расында бұл өздері үшін шаңның тозаңындай болсын пайда бермейді. Бәріміз бірігіп бұл арсыздықтардың алдын алмасақ, жастарымыз рухани дағдарысқа ұшырайды. Онсызда либералды әлем тарапынан жасалып жатқан шабуылдар жастардың руханиятын әлсіретуде. Нәтижесінде тексіз ұрпақтар туылады. Ақыр соңында қоғам құлдырайды. Әлеуметтік желідегі барша бауырларымыз бен әпке-қарындастарымыз хабардар болуы үшін көптеп таратуларыңызды сұраймыз. Алла сіздерге тауфиқ және хидаят берсін. Алла елімізді тура жолынан адастырмасын!
Популярное