Сылап – сипау және гимнастика

Балапаным ♕
17.10.2015 в 05:00
Сылап – сипау және гимнастика

Нәрестемен бірінші айдан бастап гимнастикамен шұғылдану қажет. Гимнастика мен сылап-уқалау оның денесі мен психикалық дамуын дұрыстап,жүру дағдыларының мезгілінде қалыптасуына мүмкіндік береді, организмдегі зат алмасуын жақсартады. Бір жарым айдан бастап үнемі гимнастикамен шұғылданған баланың мүсіні әдемілігімен, қимылының үйлесімділігімен, қозғалысының тездігімен, ептілігімен және ойын кезіндегі батылдығымен ерекшеленеді және денсаулығының кепілі болады.
Сонымен құрметті ата-аналар, сәбиіңізбен жұмыс жүргізуге ерінбеңіздер, қымбат уақыттарыңызды босқа өткізіп алмаңыздар!
Жаттығуды тегіс жерге жұмсақ нәрсе төсеп жасаңыз. Ол үшін алдымен бөлме ішін желдетіп алыңыз, жылылығы 20-21° болуы керек. Анасының аяқ-қолы жылы әрі таза болуы тиіс. Саусағыңыздағы сақинаны, тырнағыңызды алуды ұмытпаңыз. Гимнастикаға түске дейінгі мезгіл қолайлы, бірақ тамақтанысымен жаттықтыруға болмайды.
Жаттығуды жасарда баланың көңіл-күйіне қараңыз . Егер жаттығулар оған ұнаса ол күледі, егер ол жыласа, қыңырлық жасаса онда жаттығудың бір қимылын дұрыс жасамағаныңыз, немесе ол бүгін өзін нашар сезінеді.Мұндай жағдайда жаттығуды тоқтатуыңыз керек.
Гимнастика мен сылап –уқалау барлық балаларға пайдалы, өсіп-жетілуі төмен балаларға аса тиімді. Бірақ жаттығулар жүргізу қайшы келетін жайлар да болады. Мысалы, сылап-уқалау терісі іріңдеген немесе жедел қабынып-талаураған аурулары барларға, геморрогаиялық диатезбен (қан тамырларының жарылғыштығы күшті) ауыратындарға жаттығуға болмайды. Жаттығуды бала қатты ауырған кезде тоқтатады және ол жазылғаннан кейін қайта бастайды.
Жаттығулардың кейбірін сәбидің мүмкіндігіне қарай өзгертуге де болады. Әрбір жаттығуды алғашқыда 1-2 рет қайталайды. 7-10 күн ішінде оларды 6-8 ретке жеткізеді. Жаттығуларды жасау кезінде сәби жалаңаш болуы тиіс.
Сәбиге 1,5-3 ай болғанда
1. Қолдарын сылау, уқалау.
2. Аяқтарын сылау, уқалау.
3. Етбетінен жатқызу.
4. Арқасын сылау, уқалау.
5. Ішін сылау, уқалау.
6. Бір қырынан жатқызып, арқасын бүгу.
7. Еңбектету
Жаттығуды жасау әдісі. Баланың қолын саусақтарынан иығына қарай, аяқтарын табанынан жамбасына қарай сылап, сипайды, тізесіне тиіп тізе буынын итеруге болмайды. Қолын сипағанда бір қолмен саусақтарынан ұстап, аяғын сипағанда оның аяғын алақаныңызға салыңыз.
Етбетінен жатқызғанда сәбидің қолдары бүгіліп кеудесінің астында жатады да, басы көтеріңкі болады.
Сәбидің арқасын сипағанда, жамбасынан басына дейін қолдың сыртымен, ал төмен қарай сипағанда алақанмен сипаңыз. Бұл жаста баланың етбетінен жатуы ыңғайсыздау болғандықтан, бір қолмен сипағанда екінші қолмен оның аяғынан ұстап тұрыңыз. Ішін сипағанда алақанымен сағат тілі бағытына қарай жасаңыз.
Популярное
Последние записи
Салеметсизбе Анон 3 ши балага Суйинши Пул.Канша болды? Уйде отырган Анамын.Жумыс...
Садеметсиздерме меним 1 жас 2 ай кызым бар емеди соны кадай шыгарсам болады жане...
👑 Бауырым, төгіліп қалған шашың өспей жатса, немесе сақал өсіре алмай жатсаң, осы кешенді сынап көр ▶https://goo.gl/6tWqYS
Анон.Ассаламу алейкум, калайсыздар? Сиздерге сурагым:босанганнан кейін ишти канш...
💖 Құрметті "Менің балапаным" тобының оқырмандары!❤
Саламатсыздар ма апкелер синилилер!Админ анон.Мен екиншимди босангам 4ай болып к...
💝 Мүсіннің кемшіліктерін жасыратын МАЙКА–КОРСЕТ "Waist Trainer"
Анон. Сəлем админ Далада ойнаймыз барлық балларды танимын көршілерді. Бір қыз ба...
Саламатсыздарма анон болсыншы. Күйуімнің парақшасынан жазып отырмын. Кім біледі...
👑 Бауырым, төгіліп қалған шашың өспей жатса, немесе сақал өсіре алмай жатсаң, осы кешенді сынап көр ▶https://goo.gl/6tWqYS