«Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалының мәжіліс залында «Қыз өссе елдің...

Қапшағай ЖаSTARы
29.02.2016 в 01:25
«Нұр Отан» партиясы Қапшағай қалалық филиалының мәжіліс залында «Қыз өссе елдің көркі» атты семинар өтті. Семинарға заң саласында қызмет атқаратын мамандар және қаламыздың этномәдени ұйымдарының жетекшілері, психологтар және жастар қатысты. Қаламыздың құрметті азаматы Волкова Зинаида жас қыздарға өзінің тәрбиелік ақылын айтты. Орта мектеп гимназиясының психолог маманы Ш.Ишанбаева кәзіргі заманның қыздарының жүріс-тұрысы жайында ақпараттармен бөлісіп, тренинг өткізді. Семинарға қатысқан әйел азаматтарды «Қапшағай қаласының жастар ресурстық орталығы» жетекшісі Е.Нұрпейісов алда келе жатқан «8-наурыз» халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Популярное