Баланың дамуына қалай қамқорлық жасау керек?

Балапаным ♕
21.10.2015 в 01:01
Баланың дамуына қалай қамқорлық жасау керек?

6 айға дейін Сәби туған кезден бастап көруіне, естуіне, сезуіне, қозғалуына мүмкіндік жасаңыз. Бала ұмтылуы үшін оған үлкен, көрнекті заттар беріңіз. Сонымен қатар, зерттеуі үшін жаңа заттар ұсыныңыз. Көзіне күлімсіреп қараңыз. Сәбиді емізіп отырғанда онымен әңгімелесіңіз. Бала өскен сайын көбірек сөйлесіңіз. Әңгімелескенде түрлі-түрлі дыбыстарды немесе ишараларды пайдаланыңыз.

6 айдан 12 айға дейін Сәби қолына ұстап, тарсылдатып, лақтыра алатындай таза, қауіпсіз тұрмыстық заттарды беріңіз. Оның шығарған дыбыстарына жауап қайтарыңыз. Заттардың, адамдардың атын атаңыз.

12 айдан 2 жасқа дейін Бүлдіршінге бір-бірінің үстіне жинауға, қалауға немесе одан суырып алуға болатын әртүрлі заттарды беріңіз. Балаға қарапайым сұрақтар қойыңыз. Оның сөйлегісі келген әрекетіне жауап қайтарыңыз. Заттар мен адамдардың атын атаңыз. Бірге қарапайым ойындар ойнаңыз. Балаға заттарды санап, атап, салыстыруына көмектесіңз. Оған қарапайым ойыншықтар жасап беріңіз. Сондай-ақ, сөйлетуге тырысыңыз. Сұрақтарына жауап беріңіз. Оған оқиғаларды баяндауды, ән айтуды және ойнауды үйретіңіз.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Балапаным ♕

Популярное