Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай Жамбыл ауданының жастар ресурстық...

Қапшағай ЖаSTARы
23.02.2016 в 03:39
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жыры əлемді шарлаған" атты облыстық жас ақындар мүшəйрасы өтті. Мүшəйраға Алматы облысының аудандарынан жиналған жас ақындар қатысты. Қапшағай қаласының намысын қорғаған Бекен Наргиз арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлыққа ие болды. Бағдарламаға сәйкес мүшəйра Жамбыл ақын мен Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіштеріне гүл шоғын қойып, жерленген жерлеріне барып құран бағыштаудан басталды. Жамбыл атаның музейін аралаған жастар мен қонақтар үлкен əсерге бөленіп, естелік суреттерге түсті. Мəдениет үйінде екі кезеңнен тұратын жыр мүшəйрасы жастарымыз ақынның екі өлеңін мəнерлеп оқу және ақынға арнаған өз туындыларын оқумен жалғасын тапты. Жеңімпаздар мен қатысушылар арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.
Популярное