Everything.kz

КЕШІР ЖАНЫМ

КЕШІР ЖАНЫМ Кеудем толы шерменен нала, мұңға, Жалған күлкі жүр ойнап жанарымда. Уайым - таудай... Сыр сандық құлыптаулы, Құлпын ашып, ақтара аламын ба? Кімге мәлім, қайғылы мұндай халім, Қайғы мұңды іштегі, кімге айтамын? Жалғыз менің сырласым, мұңдасым да, Тәтті ұйқымды ұрлаған - түн... Байқадым. Күшім кімге түседі, ісім кімге? Ұялдым не белгісіз, қысылдым не. Бақыт, байлық, шаттық бар бәрі, бәрі... Бірақ оның қадірін түсіндім бе? Өтіп жатыр жарысып түнменен күн, Солып... Шекті базада гүл неден мұң? Гүлге ұқсаған адамның өмірі де, Солар, өлер, Мен қалай білмегенмін? Жаза берем шимайлап несін бәрін, Сүйенер де қорғаным өзің - жарым. Бақыт емес, мен саған бақытсыздық... Сыйлаған болсам, егер, кешір Жаным? Авторы: Гүлназ Сұлтанқызы
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев