Жыр алабы жамбылға...

Поэзия әлемі ♕
13.02.2016 в 06:30
ЖЫР АЛАБЫ ЖАМБЫЛҒА...

Қадірі артып Алашқа даңқы өрлеген,
Жыр десе ешкімдерге дес бермеген,
Жасынан әнмен жырға құмар бала,
Жамбыл-жаухар жырымен көмкерілген!

Алатаудың ақ иық қыранындай,
Жалын оттай шарпыған жырларың-ай,
Өнердің жас өрені он үшінде,
Бата алған хақ ақыннан Сүйінбайдай!

Қырғызға өткен қазақта ақын қалмай,
Жетісуды жайлаған даңқың қандай!
"Көрғұлы"," Шаhмардандай" дастандары,
Тыңдасаң құмарыңды қандырғандай.

Жалындап сал серілік құрып жүріп,
Қалмаған айтыстарда бір мүдіріп,
Айкүміс,Досмағанбет,Құлманбеттер,
Қалған екен сөз таппай мың күмілжіп!

Бір ғасырдың куәсі Жамбыл бабам,
Өр мінезің рухыңа қайран қалам,
Бүгін саған 170 толып жатса,
Қосыла жоқтағандай дархан далам!

Сан ғасыр өтсін мейлі ұмтылмассың,
Қасиетін қара өлеңнің ұқтырғансың,
Тұлғаңды дүйім дүние мойындаған,
Өз ұрпағың қалайша жырғылмасын!!!


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕

Популярное