Күнім менің ♥

Поэзия әлемі ♕
14.02.2016 в 06:30
Күнім менің ♥

Салқын қолдарың жылымадыма, күнім?
Мен ұстағанда...
Салқын жүрегім лүпілдеді тек,
Сені құшпағанда...
Қолдарыңды мен ұстағанда,
Шынайы емес... қиялдап, елестеткенде!
Сен өзгесің, өзгесің мүлде,
Ерлігі ескенненде!
Ханзада емессің, Әрекетің бар оданда биік асатын...
Батылдығыңды сүйем! «Қорқудан» бөлек,
«Жаманнан» әрі қашатын.
Жаныма от боп кірдіңде
Шөлге зар, судай ем болдың!
Арамыз алыс, білемін...
Бірімін миллиард, миллион, мыңдардың...
Сонда да сені, сүйемін!
Себебі, жалғыз күнім сен!
Жабырқау, жалғыз түндерде
Жылыттың мені нұрыңмен!
Сондықтан сені, сүйем мен...
(2015.02.25)

Авторы: Ляззат Кабиден


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕

Популярное