« Менің арманым»

Поэзия әлемі ♕
13.02.2016 в 06:01
« Менің арманым»
Қадам басып келемін менде алға,
Арман мақсат мұратым тұрғой алда.
Халық сыйлап құрметтейтін бұл өмірде,
Айналсамғой инабатты адал жанға.

Ол күндерде Алла жазса келер бір күн,
Сабырлықпен сол күндерді күтіп жүрмін.
Неше түрлі қиын жолдан өту керек,
Оның бәрі сынағығой бұл өмірдің.

Еш жамандық көрмесе деп ешкім менен,
Керісінше көмектесіп жүрсем екен.
Менің жазған өлеңдерім оқырманға,
Иман менен қайсарлықты берсе дерем.

Өлең десе жүрегім шабыттанып,
Ал ішімде тұрғандай жыр сақталып.
Түн ішінде тып тыныш отырғанда,
Өз өзінен тоқтаусыз шапқан шабыт.

Бір Алладан сұрарым Иман бергін,
Иманды жан сақтайды туған жерін.
Сөздерімен xалыққа руx беретін,
Өлең жазам ақсада маңдай терім.

Мақсатсыз бұл өмірден өткім келмейт,
Армансыз қара жерге жеткім келмейт.
Ата-анам сөз естіп қалатындай,
Оларды жүзі қара еткім келмейт.

О Жаратқан жар болсын деп бұл өмірде,
Лайықты жан болсам екен мен сенімге.
Абайдайын ақылды дана болып,
Жатсам екен армансыз өз жерімде.

Автор:Ерлан Орунбаев
13,02,2016ж