Несіне таныстық,көңіл қалауы ма?

Поэзия әлемі ♕
13.02.2016 в 06:00
Несіне таныстық,көңіл қалауы ма?
Несіне сүйдік біз сезім алауы ма?
Бағынбай кеттік ақылдың ойына,
Сағынбай бағындық жүрек қалауына!!!

Жақсы ма..білмеймін,дұрыстығын.
Қанша рет жазғанмен жыр ұшқынын.
Көзбенен сезуші ек,əттең-əттең.
Сөзбенен сөйлеспей,ұрысты кім?

Санастық,тағдырдың тармағымен,
Самғаған қиялдың арманымен.
Бір ретте бақытты білмеппіз,
Жүректе есімің қалғанымен.

Білмеймін өзімді алдайынба?
Күлмей ақ үмітті жалғайынба?
Жоқ əлде,қаталдау тағдырдың,
Сынағын көтермей қарғайынба?

Білмеймін бақыттың не екенін,
Тас болған жүректі не етемін?
Білмеппін,тағдырдың таңдауын,
Жүрегім сезседе сен екенін.


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕

Популярное