Қыздың сыры ♕
20.02.2016 в 10:15

Сəлеметсіздер ме?Үйленгеніме 6жыл болды.Үйленгенше жігітпен жүрмедім.Оқуды қызыл...

Сəлеметсіздер ме?Үйленгеніме 6жыл болды.Үйленгенше жігітпен жүрмедім.Оқуды қызылмен бітірдім.Осы күйеуім кездесіп,артымнан қалмай,ақыры үйлендік.3бөпем бар.Күйеуім ішеді.Аузына келгенді айтады,өтірік сөйлейді,ұрады.Маған сенбейді.Шынымды айтсам да өтірік деп,айтпағанды айтты дейді.Құдай бəрін көріп тұр.Білмеймін шаршадым,үш баламды қимаймын.Неге туа бергенімді де білмеймін.Осындай екенін біліп.Үш баламмен қайда сыямын.Қайда барамын??Қарап отырсам,қызғанбаймын,кезіндегі жүргіш қыздар жақсы күйеу тауып алған бақытты.Ал мен өмірімде жігітпен жүрмей,осындай күйеуді нəсіп етті!!!Сонда қалай болғаны?Бұлда бір Алла тағаланың сынағы шығар!!!Сонда да шыдамым таусылып барады!!!Шаршадым!!!Балапандарымды қимаймын!!!


Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қыздың сыры ♕