#13 Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде және кешенді тестте жиі кездеседі, сол себепті қажет ақпарат деп біліп, сіздерге ұсынуды жөн көрдік.

#13 Мына тарихи деректер ұлттық тестілеуде және кешенді тестте жиі кездеседі, сол себепті қажет ақпарат деп біліп, сіздерге ұсынуды жөн көрдік.

1918 ж. 8 қаңтар Ақтөбеде Кеңес өкіметі орнады.
1918 ж. 15-16 қаңтар Қостанайдағы Кеңестер съезінде бүкіл уезде Кеңес өкіметін орнату туралы шешім қабылданды.
1918 ж. басы Ырғыз, Торғай уездерінде Кеңес өкіметі орнады.
1918 ж. 15 қаңтар Оралда Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнатылды.
1918 ж. 28-29 наурызда Орал өңірінде үлкен төңкеріс болып, Кеңес өкіметін құлатты.
1918 ж. 2-3 наурызда Верныйда Кеңес өкіметі күреспен орнады.
1918 ж. наурыз Жетісу облысында Кеңес өкіметі орнады.
1917 ж. қазан-1918 ж. наурыз Кеңес өкіметі барлық өлкеде түгел орнады.
1918 ж. 21 наурыз-3 сәуір Орынбордағы Кеңестердің Торғай облыстық І съезі өтті.
1918 ж. наурыз Кеңестердің Ақмола облысық съезі.
1918 ж. наурыз Алашорданың "Қазақ" газеті жабылды.
1918 ж. 20 сәуір-1 мамыр Ташкенттегі Түркістан өлкесі Кеңесінің төтенше V съезі.
1918 ж. 17 мамыр "Суландыру жұмыстарына 50 млн.сом қаржы бөлу туралы" декрет қабылданды.
1918 ж. наурыз Торғай облыстық кеңестер съезі болды.
1918 - 1920 ж.ж. Азамат соғысы жылдары.
1918 ж. наурыз Ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.
1918 ж. сәуір Қиыр шығыста жапон интервенциясы басталды.
1918 ж. күзде Интервенттер бүкіл Қиыр Шығысты жаулады.
1918 ж. мамыр Антанта империалистері чехославак корпусын бүлік шығаріға айдап салды.
1918 ж. 29 наурызда Ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулап алды.
1918 ж. маусымда Атаман Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады.
1918 ж. тамызда Семей қаласында 1-Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды.
1918 ж. қараша Атаман Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Анненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады.
1918 ж. жазда Кеңес елі үшін ең басты майдын — Шығыс майданы.
1918 ж. 29 мамыр "Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау" туралы декрет қабылданды
1918 ж. 17 қараша "Жауынгерлерді ұлттық белгілері бойынша әскери өлшемдерге еркін топтау" рұқсаты берілді.
1918 ж. күз Бөкей Ордасында кеңестік тұңғыш қазақ атты әскер полкі құрылып, кейін майдандағы ерлігі үшін БОАК-тың құрметті Қызыл туымен марапатталады.
1920 ж.Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.
1920 ж. наурызда Торғай облысында 6мыңнан астам адам мобилизацияланды.
1920 ж. мамыр 19-35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.
1919 ж. 22 қаңтар Орынбор азат етілді.
1919 ж. 26 қаңтар Орал қаласы жау шебінен босатылды.
1919 ж. 12-13 наурыз Колчак тобына қарсы Львов, Денисов деревняларында партизан соғыстары болды.
1919 ж. 27 наурыз Долбушин, Боровский, Камен, Белояр деревнясында Колчак тобына қарсы партизан соғысы өтті.
1919 ж. 5 сәуір 25 мыңдық паризан отрядтары Қостанайды колчакшылардын азат етті.
1919 ж. маусым Оңтүстік топ әскерлері Уфаны азат етті.
1919 ж. шілде 25-Чапаев дивизиясы мен қазақ атты әскер бригадасы Оралды жау қоршауынан босатты.
1919 ж. жазы Қызыл Армия Челябіні азат етті.
1919 ж. қыркүйек 1-армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында түйісті.
1919 ж. қараша Қызыл Армия Ілбішін мен Жымпитыны азат етті.
1919 ж. соңы Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді.
1920 ж. қаңтар Орал майданы жойылды.

ҰБТ-ға 100% сенімді барлық пәннен шпаргалкаларды осы сілтемеден, тапсырыс беріп ала аласыз: http://vk.com/kazentkz

Мақала ұнады ма? Ұнаса, достарыңмен бөліс!
Популярное