Everything.kz

📌Талапкерлердің назарына!

📌Талапкерлердің назарына! JOO.KZ инстаграм парақшасында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тестілеу орталығы директоры Смағұлов Дидар Нұркенұлымен болған сұхбаттан қорытынды: 1) ҰБТ дәстүрлі форматта, яғни қағаз түрінде болады. 2) Наурыз айындағы ҰБТ карантин бітсе, Денсаулық сақтау министрлігімен кеңесе отырып, маусым айында, тіпті болмаса тамыз айында болуы мүмкін. 3) ҰБТ-ны басқа қалада тапсыруға болады. Қаланы өзгертуге болады. 4) Маусым айындағы ҰБТ 20.06.2020 - 05.07.2020 күндері аралығында болады. Бұрын ҰБТ күнара (через день) болса, енді күніге болады, аппеляция артынан болады. 5) ҰБТ кезінде отырғызу барысында талапкерлер арасында 2 метр қашықтық сақталады. Мысалы, бұрын үлкен аудиторияда 150 адам отырса, биыл 75 адам отырады. 6) Менделеев және химиялық ерітінді кестесін өзімен бірге аудиторияға алып кіруге болады. 7) ҰБТ-ға кіру барысында тыйым салынған зат табылған жағдайда акт толтырылып, 1 жылға ҰБТ-ға кіру құқығынан айырылады. 8) ҰБТ-ға комиссия ретінде қоғам өкілдері, сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі өкілдері қатысады. 9) ҰБТ барысы онлайн трансляций ретінде көрсетіледі. 10) 2020-2021 оқу жылына бөлінетін грант саны бір аптадан кейін айтылады. 11) testcenter.kz сайтында жаңа 70 нұсқа енгізілген. Ол нұсқа биылғы базадан алынған. Биыл база 30 пайызға өзгерді. 12) Ауыл квотасы мен "Серпін" бағдарламасы биыл да болады. 13) Шектік ұпай: педагогикалық мамандықтар үшін - 70 ұпай, медициналық мамандықтар мен ұлттық университеттер үшін - 65 ұпай. 14) Өтпеген тақырыптардан сұрақтар келмейді. 15) ҰБТ - бұл бір сынақ, өмір мұнымен бітпейді. Келесі жылы ҰБТ-ны күліп еске алатын боласыз. 16) Тек өз біліміңізге сеніңіз. 17) ҰБТ барысында заңбұзушылықты көрсеңіз ҰТО басшысына анонимді түрде хабар бере аласыз. Заңбұзушы ҰБТ-дан шығарылады. 18) ҰБТ кезінде аудиториялардағы бейнежазба 25.08.2020 күніне дейін қаралады, сақталады.
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ЕНТ 2016 | ҰБТ 2016 l KAZENT