Everything.kz

Сәлеметсіздер ме? Админ анон болсыншы өтініш! Маған кеңестеріңіз бен ойларыңыз қажет, айтайын дегенім ұзақтау, ренжімеңіздерші!

Сәлеметсіздер ме? Админ анон болсыншы өтініш! Маған кеңестеріңіз бен ойларыңыз қажет, айтайын дегенім ұзақтау, ренжімеңіздерші! Отбасым жайлы, жолдасымды жамандағаным емес, жақсы адам, қатты жақсы көремін, сол үшін жақсы көрінетін шығар. Жолдасыммен алдын қыз бен жігіт болып жүрмегенбіз тек таныс ретінде ғана сөйлесетінбіз, ата-аналарымыз тәтті шайға барып бәрі келісілгеннен кейін ғана қыз бен жігіт болып жүре бастадық 2 ай ғана. Отбасы болған соң оның басқа қыздармен сөйлесіп жүргенін байқадым, қояр деп шыдадым, 1 жылдан кейін 1 баламыз болды, қызым 9 айлығында екіншімді көтердім, көтергеніме 1 ай болатын, сол кезде жолдасымның жас 2003-2004 жылғы мектеп оқитын қыздармен жүргенін білдім, өзі де мемлекеттік қызметкер, ана оқушы қыздармен өзім сөйлестім, ол кезде арамызда ештеңе жоқ деп құтылды, жолдасым да сылтау айтып құтылды, сізді жақсы көремін, ажырасқым келмейді, көтеріппін, екінші баламыз болады, қазір білдім, өтініш енді мұндай көрмейінші, бұл соңғы рет болсыншы деп жалындым, жолдасым ештеңе деместен кеткің келсе тірлігіңді ал да кет деп шығып кетті, сол күннен бастап қан кетіп қатты угроза болып ауырдым, Аллаға шүкір балам аман қалды, Бірақ ең қатты ауыр тигені, сол ауырғаныма қарамастан қоймай қайтадан сөйлесіп, жүріп жүргені, 1 айдан кейін әлгі қызбен тағы сөйлестім, баламыз бар, аяғым ауыр күнәға қалма деп, сол кезде ана қыз, ол сені жақсы көрмейді, егер жақсы көрсе сенің ауырғаныңа қарамай менімен жүрер ме еді, саған уақытша үйленген, мен мектеп бітіргесін ажырасып сені аламын деген, ажыраспасам да тоқал етіп алып, сенімен қаламын деген деді Апама (енеме) айтып едім, менің жалғыз балам бар, жүрсе жүреді, сөйлессе сөйлеседі, еркек ол, маған сол жалғыз балам аман болса болды, үстіңнен әкелем десе де ризамын деп өзіме ұрсып тастады Осы сөздер қатты ауыр тиіп үйден кетіп қалдым, ішімдегі балам 2 ай еді, кеткелі 4 ай болды, әлі бір де бір рет хабарласпады, қызын да сұрамады, іздемеді де Жолдасым ұнатамын деп алғанымен жылуы болмады, өзім жақсы көретін болғасын шыдап жүрдім, апам ұрысса қосылып ұрысып отыратын, тіпті (малсың, адам емес хайуансың деп күнара айтатын), Ортақ таныстарымызға кеткісі келді кетті, мені кінәлі деп айтып жүр екен Өзімнің жеңгеме айтып едім, дұрыс па осы ісім деп, дұрыс қылмадың, шыдауың керек еді, жүріп жүріп қояр еді дейді, 2 баланы әкесіз өсіресің бе дейді, бірақ мен шамам келгенше шыдадым ғой...неге жамандап отсың, араларыңда қалу керек дейсіздер, ішімдегіні шығарғым келді, ішім өксік толғандай болып көп күрсінемін, жақсы көремін, бірақ осылар күнде есіме түсіп жүрегім ауырып жылаймын, кейде баламды әкесінен айырдым ба екен, әкесінің мейірімін көре алмай жүр деп те қиналамын...
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества "Менің құпия сырларым"