Everything.kz

📖📖📖"Құранды жаттай алмаған әкенің ұлына берген жауабы"

📖📖📖"Құранды жаттай алмаған әкенің ұлына берген жауабы"
📖📖📖"Құранды жаттай алмаған әкенің ұлына берген жауабы" Бірі кісі Құранды жаттай алмаса да оны қайта-қайта оқи береді екен. Күндердің күнінде ол кісінің ұлы: "Әке не үшін Құранды жаттай алмасаңызда қайта-қайта оқи бересіз? - деп сұрапты. Сонда әкесі: - Ұлым көмір таситын себетті алып, су алып кел, - деді. Ұлы таң қалып "бұл мүмкін емес қой", - деді. Амалдап болса да су толтырып алды да, жүгіргенше әкесінің алдына келді. Бірақ себетте су қалмаған еді. Осылай 5-6 рет қайталанды. Бірде-бір рет су әкеле алмаған ұлы, әке айттым ғой, мұның сірә амалы жоқ, себет суды ұстап тұра алмайды, су лезде ағып кетеді деді. Әкесі: "иә ұлым, мұның басқа амалы жоқ. Бірақ себеттен қандайда бір өзгеріс байқадыңба?" - Ия әке, себет көмір таси бергеннен қарайып кеткен болатың, ал су кұя бергеннен тазара бастады, - деп жауап қайырды ұлы. - Міне көрдіңбе балам?! Дүниенің тіршілігі деп жүрегіміз қарайып кетеді, ал мына Құран - су сияқты қарайған жүректі ағартып, мөлдірлік, тазалық, тұнықтық қасиеттермен безендіреді, - деген екен.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества "Менің құпия сырларым"