Everything.kz

Өмірім саған

Өмірім саған Сайратайын пәк жүректің ізгі үнін, Айқара ашып тәтті сезім түндігін. Қара құлып көңілімнің кілтін ал, Ұсташы өзің асау өмір тізгінін. Сенсіз өтсе бітпестей боп бір күнім, Берекесіз беймаза ғой тірлігім. Басымды иіп бағынышты күй кешем, Сен ұстасаң өмірімнің тізгінін. Бір-біріне біз сенімді серікпіз, Болаттайын махаббатқа берікпіз. Еркесіндей түздің еркін басымды, Жаным қалай бағындырдың еріксіз. Шаттандырса сен сыйлаған нұрлы күн, Сарқыраған сезер сиқыр сырды кім. Бағым болдың беймарал бір шақтарда, Бердім саған бақыттымның тізгінін. Қара өлеңім тәңір берген ырзығым, Ақтарылсын ақ жүректен жыр күнім. Аманатпен тапсырдым ғой өйткені, Сеніп саған тағдырымның тізгінін. Кенжемұрат САҚТАҒАН.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев