Everything.kz

Аты жөнім жарияланбай ақ қойса екен. Осы группаға баяғыда көп кіретінмін. Кейін кірмей кеттік.

Аты жөнім жарияланбай ақ қойса екен. Осы группаға баяғыда көп кіретінмін. Кейін кірмей кеттік. Содан баяғы кездерде жазған комменттерімді қайта оқып шықтым. Сол жазған кездегі комменттерді де сағынамын деп кім ойлаған?! Көп адаммен ұрысыппын, демек көп адамды ренжіттім. Недеген негатив дейм да сол кезде. Ол кездері бойдақ едім, жастықтың күші ма білмедім. Сол ұрсысып ренжіткен адамдардың, страницаларына қарасам көптен бері кірмеген. Біразы тұрмысқа шыққан, үйленген. Енді біреулері мүлде кірмегендеріне екі үш жыл болыпты. Солар қайда екен деп те алаңдап қоямын. Өзі аман есен бекен?! Аман болса неге кірмей кеткен деп іштей уайымдап қоям. Ал сол кездері маған деген кішкене реніші болса, өзімен бірге алып кеткен жоқ па деп қоям. Құдай сақтасын аман болсын бәрі! Ал осылай көріспеген адамды ренжіткенім үшін осылай көңілім алабұртып отыр. Ал қасымда жүрген адамдарды ренжітіп жүрсем, ертең қасымнан кетіп қалса, қандай күй кешермін деген ой келіп жатыр! Сондықтан ешкімді ренжітпей, ешкімге ренжімей өмір сүргенге не жетсін?! Өмір барынша рахаттана өмір сүруге лайықты. Бірақ әрнәрсенің қайыры бар емес пе?! Осы топта барынша пікірталасып, жанжалдасқан соң былай өмірде, бір адаммен өзіңдікі дұрыс болмаған жағдайда, дереу мойындауға дайын тұрамын. Ал меніңкі дұрыс болып тұрса сәл-сәл дейінші)))) әлі кетіп қалуға дайын тұрам. Осындай осы жағынан маған осында отқан адамдар, осы топ үлкен тәрбие берді десем де болады. Кімді ренжітсем, кімге артық кетсем, сол адамдардан кешірім сұрағым келеді. Бұл менің айтып отқаным 4, 5, 6 жыл бұрын болатын!!!!!!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Айтылмаған оқиға