Everything.kz

Ерте өскен гүлден қорқамын

Ерте өскен гүлден қорқамын
Тұлға өсиеті
Ерте өскен гүлден қорқамын Аязға ұрынады-ау деп, Мезгілсіз жұлынады-ау деп. Меңіреу түннен қорқамын – Жанарлар жұмылады-ау деп. Жалтақ жанардан қорқамын Жүректі жаралайды-ау деп, Қиналсаң қарамайды-ау деп. Жағымпаз адамнан қорқамын Тайсаң табалайды-ау деп, Достыққа жарамайды-ау деп. ©Ақұштап Бақтыгереева
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Тұлға өсиеті