Everything.kz

Қыз сөзі.

Қыз сөзі.
Тұлға өсиеті
Қыз сөзі. Жүрегімде қандай мұңым жатты екен, Деме мені тұрақсыз. Болар едім, әттең, саған тәтті өлең, Махаббатта болмайды екен сынақсыз. Өмір өтеді өзендейін тасып мың, Кедергісін келтірмесін бізге бір. Сенесің бе, ғашықпын, Айта алмайды қыз–көңіл. Менің нәркес жанарымнан сез енді, Қыз сезімім іштей ғана көсілед, Сезем сен де ұнатасың, өзенді Жігіт болсаң кешіп өт. Орнасыншы арамызда теңдік мың, Адалдықтың жолы нық. Иә, иә! Мен сендікпін ғой, сендікпін! Соны ұқ! *** Сенің маған болмысың ұнап тұрды. Бірақ, әттең, көңілде сұрақ тұрды. Өйткені сен өтірік айтқан сайын, Қыз-жүрегім қайғыдан жылап тұрды. Деп едім-ау сезімге айналар бақ, Қыз көңілі, айтшы енді, қайда қалад? "Неге?" дедім аспаннан, бұлттан сұрап, "Неге?" дедім жұлдызға, айға қарап. Жүрегімде мөлтілдеп қалды жаңбыр, Алдамашы, шын сенген жанды нандыр. Өтірікпен мың рет өлтіргенше, "Сүймеймін" деп көңілді мәңгі қалдыр. ©Ғабиден Қожахмет
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Тұлға өсиеті