Everything.kz

Салеметсиздерме. Жасым 20 да. Жігітім бар. Жасы 27 де. Екеуміздің танысып, сөйле...

Салеметсиздерме. Жасым 20 да. Жігітім бар. Жасы 27 де. Екеуміздің танысып, сөйлесіп келе жатқанымызға 2 жыл болды. Өзім бұрын жігітпен мүлдем жүрмегем, сөйлеспегем де. Жігітім екеуміз бір ауылданбыз. Мінезі жуас, ұялшақ. Ол да бұрын қызбен жүрмеген, оған көзім анық жетеді. Көпке шейін менен де ұялып жүрді. Қазір үйрендік бір бірімізге. Мен де ондай пысық қыз емеспін. Екеумізде қарапайым отбасынанбыз. Алғашқы жігітім болғасын қатты бауыр басып қалдым. Маған запрет қоймайды, боқтамайды, қатты қызғанбайды. Жақсы көремін, үйленейік деп жүр. Бірақ кейде 2 3 күн хабарласпай қалатыны бар. Менде іздеп тел соқпаймын әдейі. Өзі іздесін деймін. Бірақ өзі хабарласады сосын. Осы 2 жылдың ішінде басқа қызбен сойлесіп, ұзақ хабарласпай кеткен күні жоқ. Тек сол 3 4 күн ұзағы. Мен өзім тел соғып іздеп мазасын алмаймын. Намысым жібермейді қанша жақсы көріп тұрсамда. Енді мәселені айтайын сіздерге. Жігітім үйленейік деп жүр. Мен оны жақсы көремін негізі, соқпаса іздемей қалса сағынамын. Бірақ ішімнен бірдеңе ұстайды. Не екенін білмеймін. Біртүрлі шықсам өкініп қалатын сияқты болып көрінемін. Өзімді өзім түсінбеймін. Әлде менікі жақсы көру емес жай бауыр басу ма екен? Білмеймін. Не айтасыздар?
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества "Менің құпия сырларым"