Everything.kz

Мен ойлайтынмын:

Мен ойлайтынмын:
Тұлға өсиеті
Мен ойлайтынмын: данышпан деп патша мен бидің бәрі, әрбір ұлттың солар деп тұйғындары. Жарқ-жұрқ еткен қаңылтыр саясаттар сезімімді сорып ап, миды ұрлады. Билік құлқы әлемде біреу екен – өз басының мансабы, үйдің маңы. Билік таққа жеткенше жылтыр бәрі, жылтырлардың ойы – тек құлқын қамы. Қара табан халықтың қамын ойлап жаны ауырған көрмедім бір тұлғаны. Шындық–елік шыңғырып жатсадағы, қылыштылар қорғауға ұмтылмады. Қылыш–билік сылып ап сезімдерін, сезімсізден сескеніп көз ілмедім. Қиянаттың қорғаны күштілік те, ақиқатқа мәңгілік егіз бе мұң? Биліктінің жаны – күс, жүрегі – жез. Тек мен одан не күттім, нені іздедім? ©Фариза Оңғарсынова
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Тұлға өсиеті