Everything.kz

Әйгілі режиссер Жанар Сағатқызы: Қайда жүрсем де қазақтың қызымын

Әйгілі режиссер Жанар Сағатқызы: Қайда жүрсем де қазақтың қызымын
Қазақтар
Әйгілі режиссер Жанар Сағатқызы: Қайда жүрсем де қазақтың қызымын Жанар Мәскеуде институт бітірер кезде диссертация есебінде түсірген «аптаның сегізінші күні» деген фильмі кино мерекесінің үздік авторлық сыйлығын еншілейді. Ресей мен Италия бірлесіп жасаған «Аюдың досы – Жонатон» деген фильмде қосалқы рөлде, Ресейдің «Бұдда аруағының оралуы» атты фильмінде басты рөл ойнап үздік өнерімен көзге түседі. Зеректігі, білімділігі, қытай, орыс тілдерінде еркін сөйлейтін таланттылығымен Ресейдің «Мир» халықаралық телеарнасында диктор болып жұмыс істейді. Мәскеуде 9 жыл оқып, режиссерлік мамандықтың қыры мен сырын әбден меңгерген қазақ қызы Қытайға барғанда үлкен сұранысқа ие болады. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романының негізінде жасалған фильмді Украинада 270 күн түсіреді. 20 сериалды аталмыш фильм Қытайда күшті дүмпу туғызады. Мұнымен қоса «Қызыл шие», «Қызыл ғашықтар», «Кешкен күндер», «Күнбағыс таланы», «Республика қарсаңы», «Қала кеңістігінде шошынған құс», «Әскери кісінің құпиясы», «Алыс кеткен ертеңгі күн», «Ян Чың» қатарлы мемлекеттік деңгейде түсірілген фильмдердің режиссері болды. Жанар қазақ тілін жақсы меңгерген. Ойын ешқандай іркіліссіз жеткізе алады екен. Біз ол кісіден «сонау жырақ Бейжіңде жүріп ана тілін тұнық күйінде сақтап қалуға не әсер етті?» деп сұрап едік. - Бір қызығы менің тілім қазақша емес, моңғол тілінде шықты. Менің күтушім – моңғол адамы болды да, моңғолша тіл сындырыппын. Ол кісіден кейінгі күтушім ұйғыр адамы болыпты. Бейжіңге келгенде, ұйғырша ғана білген екем. Бейжіңде қытай балабақшаға бардым. Сөйтіп моңғол тілім де, ұйғыр тілім де ұмыт болып, қытайша сөйлеп кетіппін. Алайда, 1 сыныпқа барған кезімнен бастап, анам үйде қазақша сөйлеуге талап қоятын. Оны үйретудің де талай амалдарын қолданды. Соның бірі – көне дастандарды әуендетіп оқу еді. Үйге келген игі жақсылардың әңгімесін тыңдадатын. Соның арқасында ана тілін біліп өстім. Жанар ата-анасының әдеби қызметкер болғандығы да өзіне әсер еткендігін айтады. Қазақ ақын-жазушыларын жақсы біле бермейді екен. Алайда, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларымен түгелдей таныс: - Мен Мұқағалиды жақсы көремін. Ол менің бойтұмарым секілді үнемі жанымда жүреді. Содан шабыттанып, содан қуат аламын. Бір фильмді түсіру барысында маған ол кісінің тау туралы өлеңдері қатты әсер етті. Шығарманың шешіміне жақсы орайластыра алдым, - дейді ол. Жанар Сағат қызының өзі қызыққан өнері жолында, бір миллиард халықтың қатарынан қара үзіп, осындай тамаша абыроймен алға шығуы бойында Қазақ қаны бар әр азаматтың жүрегін жылтып, мақтаныш сезімін қозғап, ұлттық рухын сомдай түсерінде дау жоқ деп ойлаймын. Былайғы жерде, ұлтымыздың мәртебесін биік көтеру үшін, әрбір Қазақ азаматында ең әуелі өз ұлтының ардақты атын аспандату жолында тынбай құлшыныс жасайтын шынайы ұлтжандылық идея, ізгі ізденіс, қажырлы талпыныс болуға тиіс. Тек осындай қасиет әрбір азаматымыздың көңіл түкпірінен өшпестей орын алғанда ғана олар ұлтымызды ұлағаттылыққа бастай алатын болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі оның жастарының жалындылығымен, парасаттылығымен, іскер алымдылығымен танылады. Жастарының осындай қасиеттерге ие бола алуы ұлттың өзін де оның ертеңгі болашағын да тамаша табан тірер тыянақпен қамтамасыз ете алады. Белгілі бір ұлт азаматы өз ұлтына қарата «Маған ұлтым не береді деп емес, мен ұлтыма не беремін»-, деп өмір сүруі қажет. Сонда ғана оның өмірі мағыналы, мәнді есептелмек. Реал өмірде ұлттық рух ұлттық сананы қалыптастырып, оны жоғары деңгейге көтеретін рухани ұитқы, бір ұлтты өмір сүруге, дамуға, қүдіреттенуге жебейтін қүдіретті қозғаушы күш ролын атқарады. Сөйтіп, бүгінгі таңда еліміздегі бір жарым миллион халық санына ие Қазақ ұлты Қытай арасында, тұтас қоғамның әр сала, әр шебінде, өздерінің жапалы еңбек жемістерімен, тамаша ізденіс, талпыныстарымен ұлтымыздың ардақты атын аспандатып жүрген небір көрнекті үлгі, айтулы тұлғалардың қатары да уақыт озған сайын молайуда. Әне сол қатардағы жастарымыздың көрнекті уәкілдерінің бірі Жанар Сағат қызы деп айтсақ тым артық болмайтындай. Қашанда жұлдызың жанып, жарқырай берсін, ұлт мақтанышы болған аяулы қарындас. Жанар Сағатқызымен өзге де сұхбаттарды оқып шығуға кеңес беремін http://old.maidan.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=940:2012-05-24-14-17-22&catid=1:articles&Itemid=60 http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_Mukagali_Sagatkyzy_Beijing_Tien_Shan_Chung/1368996.html http://www.baq.kz/kk/diaspora/305 http://masa.kz/article/view/id/3125
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақтар