Everything.kz

60 күндік қысқа ғұмыр немесе араның ғибратты өмірі.

Иман айнасы ♕
60 күндік қысқа ғұмыр немесе араның ғибратты өмірі. 1-ші күні (біздің күнтізбе бойынша 5-мамыр) Мен көлемі сөйлем соңындағы нүктедей жұмыртқамын. Осындай көзге көрінбейтіндей кішкентай болуыма қарамастан, Жаратушым маған өмір силады. Мына дүниеге келуге дайындалудамын.. 4-күні жмыртқаны жарып шықтым. Менің осы күйімді ғылым тілінде балаңқұрт (личинка) деп айтады. Сізге ерекше қызық болып көрінетін шығар, өміріме керекті негізгі білімді алып болдым. Ал сіз адамдар 1-дүниеге келесіздер, кейін оқуды бастайсыздар. Біздікі басқаша. Араларға мына жалғанда не істеу керек екенігі миына таңбаланып, кейін барып өмірге келеді. Мидың қызметін жақсарту үшін дұрыс тамақтану ерекше маңызға ие... 20-куні барлық ағзаларым қалыптасып, нағыз жұмысшы бал араға айналдым. Басым мен мұртымнан басқа көзім, аяқтарым мен қанаттарым, құйрығым толық жетілді. 21-куні мен өзге араларға қарап өзімді көргендей боламын. Олардың бастарында 3 кіші, 2 үлкен көздері бар. Кіші көздері ултракүлгін және поляр сәулелерді өте сезгіш келеді. Байқап қарасам, өмір үшін менде барлығы бар. Гүлдегі балдың дәмін сезу үшін тілім, иіс сезу үшін мұртым, қорғану үшін құйрығымның басында инем бап. Мүның барлығы өздігінен бола қойды дегенге кім сенеді?! Демек, мұның барлығын жаратып, бақылап тұрған тылсым бір күш бар екені ақиқат... 30-күні аспазшы болып бекітілдім. Әкелінген балдарды ұяшыққа мұқияттап салып шығамын. Балдың құрамында (адам ағзасына) пайдалы сахароза, глюкоза тағы басқа түрлі ферменнтер бар. Дәуремендерге де өте бай. Мен дайындаған бал сенің дастарханыңнан да табылуы әбден мүмкін. Алайда, мен ол кезде мына жалғанда болмаймын. Әрине...мен туралы білуің, ойлауың міндетті емес. Ең бастысы мен арқылы бал жегізіп отырған Жаратушыны ұмытпасаң болды... 37-күні (11-маусым) ұядан қоқысты тастау үшін ұшып шыға бастадым. Біздің ұшуымыз құстардан өзгешелеу. Қанаттарымыз автоматты түрде қозғалып, секундына 250 рет бұрылу қабілетіне ие. Балды жинағанда қанаттарымыз ауырлайды. Соған қарамастан, сағатына 15 шақырым жылдамдықпен ұша аламыз.. 41-күннен бастап ұядағы жүмыстардан бір жолата шеттелдім. Себебі, менің денем сүтпен балауыз шығаруды доғарды да тау-тасты, дала мен қырды аралап бал жинауға шықтым, өсімдіктер мен ағаштарды тозаңдандырамын. Біздің гүлден гүлге қонуымыздың өзі жүйелі түрде белгілі тәртіппен жүзеге асады. Бір гүлге қонғаннан кейін, сол аймақтағы дәл сондай(екеуі де бірдей) гүлге міндетті түрде қонамыз. Бұлай етпесек, олар тозаңданбай, өмір сүруін тоқтатады. 42-күні, күні бойы уақытымды гүлдердің арасында өткізіп, шырынын жинадым. Егер мені мұқият бақылайтын болсаңыз, 1 минуттың ішінде 20 тал гүлге, ал 1 күнде 20 мыңнан астам гүлге қонады екенмін. Гүл шырынын асқазаным жинап, тозаңды артқы аяғымдағы кішкене қапқа толтырамын. Шырын жинап алған соң, ұяға ұшып келудің өзі оңай шаруа емес. Дегенмен, "ара жолы" деп аталып кеткен төте жолмен ұямызды қиналмай табамыз. Бұл жөнінде Аллаһ тағала Құранда: Ей, Мухаммед (с.а с),"РАББЫҢ ТАУҒА, АҒАШҚА, ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСҚА ҰЯ САЛЫҢДАР"-ДЕП АРАЛАРҒА НҰСҚАУ БЕРДІ.ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ ӨСІМДІКТЕРДЕН КЕРЕК КӨРЕКТЕРІҢДІ, ШЫРЫНДАРЫҢДЫ ЖИНАП, РАББЫҢ ЖЕҢІЛ ҚОЛАЙЛЫ ЕТКЕН ЖОЛМЕН ҰШЫП ЖҮРІҢДЕР"-деді ("НАХЛ"сүресі, 68-69-аяттар) 44-күні біздің бал арасының ұясы үлкен компанияны көзге елестетеді. Мұнда агенттер, мыңдаған жұмысшылар мен қызметкерлер, басшылық бәрі -бәрі бар. Үлкен қоймалар мен коммуникация саласы да өте жақсы дамыған. Бізге күнделікті бал жинау үшін үлкен гүл алаңдары қажет. Онымен тікелей шұғылданатын аралар ұядан ерте ұшып шығып, алаңқайды тауып, қайта ұшып келеді. Оның әкелген балынан татып, көргеннен кейін үлкен біи қойманың табылғанын біле қоямыз... 51-күні 15мың ара өз ұясын тастап, басқа жаққа қоныс аудармақ. Ұядан ұшып шықпас бұрын асқазанымызды балға толтырып аламыз. Бұл жаңа үйімізді салу үшін қажет. Ұяның орнын таңдау да үлкен жауапкершілікті тадап етеді. Себебі, қателік жіберсек бүкіл ұяластарымыз қырылып қалуы әбден мүмкін. Әрқайсымыз өзімізге қолайлы жерді тапқан соң барлығымыз бир жерге жиналамыз. Бізде барлық мәселе ұжымдық келісім негізінде жүзеге асады. 60- күні менің күш қуатым кеміп, қартайдым. Бүгіннен қалмай о дүниеге аттанатын шығармын. Осы қысқа өмірімде ұядағы нақты шаруаларды атқарумен қатар бал жинау үшін 2 мың шақырымнан астам жолды ұшып өтіп 50 грамм бал жинадым. Бүкіл ұяластарыммен бірге күніне әрқайсымыз 20мыңнан астам гүлге қонып жүріп барлығымыз 1 келідей бал жинайды екенбіз. Біз мұның барлығын ешқандай ақысыз сіз адамдар үшін атқарамыз. Өйткені бұл біздің Жаратушымыздың алдындағы борышымыз әрі Оған қызмет еткеніміз. Ол бізді дәл осылай етіп жаратқан.Ал сіз адамдар Жаратушыларыңызды танып, ризашылықтарыңызды білдіріп жүрсіздеп ме?...
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Иман айнасы ♕