Everything.kz

Бүгін кімнің ернінен сүйді екенсіз!

Бүгін кімнің ернінен сүйді екенсіз!
Бүгін кімнің ернінен сүйді екенсіз! ( қыз тарапынан жазылған дүние) Білмегенсіп жүресіз, біліп тұрып, Қарсы алдымнан өтесіз, күліп тұрып. Мендегі жайды ұқпайсыз, осындай да, Жүрегімді кетесіз тіліп тұрып. Осындай да, біз қалай жай табамыз, Мейлі мені, көрмеңіз, байқамаңыз! Тек бір ғана өтінішім бар сізге, Сүйемін деп, бір-ақ рет қайталаңыз. Кейде түнде сізді ойлап таң атырам, Мен қашан өмірімді жадыратам. Ылғи сізді ойлағаннан - деп жүріп. Тағы да, мағынасыз таң атырам. Сезімім бар, дегенмен тіл қата алмай, Іштегі құсалықты тарқата алмай. Жүрмін ғой, күйіп-жанып сағынып та, Бірақ та, тек өзіңнен бір xат алмай. Жайбарақат көңілді күйде екенсіз, Ойыңызға не нәрсе түйді екенсіз. Кеше тағы кездесіп қыздарменен, Бүгін кімнің ернінен сүйді екенсіз. Сикон Әлімбет
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Мұқағали Мақатаев