Everything.kz

************************

************************ Қымбат болып тұрсың ғой Қымбат болып! Жанарың жүр жап-жарық жұмбақ төгіп! Шақырымдар араға жатып алды, Шақырып ем қолымды бұлғап көріп... Сендей адам жалғыз ғой... Білуші ме ең? Сезімің бар ерекше, біріншіден! ...Сатып ала салатын зат емес ол, Ханшатырдан... немесе Үрімшіден... Үйретсе де сынақтар үйретудей, Бақыт келсе деп едім сүйретілмей... ...Жырларымды лақтырып тастамашы, Жүріп кеткен пойыздың билетіндей... Алтын деген алтын ба қолда барда... Соны ұғасың әйтеуір соңғы амалда. Тағдырыңа жазатын хаттарыңды, Оқу керек екен ғой жолданарда.. Қымбат болып тұрсың ғой Қымбат болып! Жанарың жүр жап-жарық жұмбақ төгіп! Шақырымдар араға жатып алды, Шақырып ем қолымды бұлғап көріп... РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Қазақтың лирикалық поэзиясы