Everything.kz

ЕСІҢДЕ МЕ?

ЕСІҢДЕ МЕ?
One Million True Stories
ЕСІҢДЕ МЕ? #light3 Оқымас бұрын астындағы музыканы қосыңдар. Анда-санда жоғарғы паркке жолым түсе қалса, сен екеуміздің қол ұстасып жүрген кездерімізді еске аламын. Ең алғашқы рет ресми түрде қыз-жігіт болып кездесуіміз де осы паркте өтті. Сол кездесетін күні колледжде маңызды емтихан тапсыруым керек болатын. Группаластарым емтиханда терлеп-тепшіп, қиналып жатса, мен паркте сенімен қыдырып, рахаттанып жүрдім. Сен екеуміздің жеке меншік беседкамыз болатын. Әйтеуір біз барған кезде сол беседка ылғи бос болатын, бейне бір ғашықтар мауқын бассын дегендей. Сол жер біздің бақыттан балқыған талай сәттерімізге куә болды. Кейін көрдім, оны алып тастапты. Қарапайым қара ағаш болса да қаншама естелік кетті ғой сонымен. Есіңде ме, мен саған көптеген өлең шумақтарын арнайтынмын, сен оны құрбыларыңа көрсетіп мәз болатын ең. Тіптен бара келе подружкаларым сені менен қызғана бастады деп өзің олардан қызғанатынсың. Кейде ұзақ кездеспей қаламыз, ренжісіп қаламыз, алайда жолыққанда оның бәрі ұмытылатын... Мені "жааан" дейтінсің. Басқалары да айтады ғой, бірақ сен ерекше етіп еркелеп айтатын ең. Ал менің қойған лақап аттарым көп болатын. "Тұштақай", "сары балапаным", "нақсүйерім", кейде қитығыңа тию үшін "көтенай" дейтінмін. Жалпы, осыны жазғаным сары сағынышқа ұқсайтын сарғайған күздің әсері болар. Күз деген жалғыз болсаң жабырқатар, жүрек қылын қозғатар мезгіл ғой. Иә, солай, болашағым деп елестеткен сары қыз, өткенімнің сағымына айналып кете бардың. Тағдырдың тарам-тарам жолдарында жолымыз тоғыспай, тарап кеттік, бізден басқа ешкімге керек емес тәтті сезімімізді шырылдатып, тастанды баладай етіп сол саябаққа тастап кете бардық... Артқа қайырылмадық...
Лучшая подборка на AliExpress, специально для тебя!
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества One Million True Stories