Everything.kz

Ұстай ғой енді қолымнан...

Ұстай ғой енді қолымнан...
Ұстай ғой енді қолымнан... Арнайын өлеңімді сыр түрленген. Айналайын жүзіңнен нұр үрленген. Нұрсыйланы алыстан байқасам да, Мен оған ғашық болдым бір көргеннен... Шарықтатып шабытыма дем беретін, Жаһанда жан жоқ саған тең келетін. Ақын жанның бірімін ғашық болып, Бейнене бір қараумен емделетін... Ғашық адам амалың көздеп істер... Саған ғашық болғалы өзгерістер... Сезімімнің сыңғыры сыр бергелі, Қызықтырмай жүргені өзге істер... Арналғандай Нұрсыйлаға өмірім, Тез берілді ханшайымға сенімім... Танысуын таныстым ғой тездетіп, Енді қалай аулар екем көңілін! Жарқылдайтын жұлдыздан артық жанарың. Сөйлеген сөзің балынан тәтті араның... Сұлулықтың иесіне осындай, Көзімді алмай қайталап тағы қарадым... Жаратқаным жаңылыстырмай жолымнан, Ақ құсым болып ұша ғой енді оңымнан. Бір рет қана берілетін өмірді, Бірге сүрейік,ұстай ғой міне қолымнан... Ақпанның бірінші жұлдызы. 2018 жыл)@ Қарағанды облысы, Мойынты ауылы
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕