Everything.kz

Нұрлы жүз көркем мінез қарындасқа.

Нұрлы жүз көркем мінез қарындасқа.

Is Covid Pandemic Over?

Нұрлы жүз көркем мінез қарындасқа. Менен қалай тарту өлең жазылмасқа ? Ұйықтап жатқан шабытымды оятайын Қиналсын жалқау болған жаным қасқа. Қыз жайлы айтса ақынның тілегі мың Арудың сезімі-Ай,жүрегі-Күн Сендей жанға арнасам əндерімді Жарасы жазылғандай жүрегімнің. Көп ұзамай табылсын теңін сенің Енесіне ұнаған болшы келін Сендей жандар көбейіп мына өмірде Жырларыма арқау боп жүрсін менің. Шиедей боп қызарған еріндерің Қарасаң келеді сүйе бергің Əттең бəрі жігітіңе лайықты ғой Əйтпесе есім ауып сүйер едім Мөлдіреген қара көзің қарағанды қандырар Жүректерге жылу беріп сезімдерді жандырар Неткен ғажап сол сəт көзді ашып-жұмғаның Жанарыңа қарап тұрған жанды есінен тандырар Кең маңдайлы жазық бет қазақ қызы Бұл қалада саған теңдес қыз барма өзі Ғашық етесің көркіңмен жанды баурап Қылықтысың қылығымен сүйкімді өзі Күндей жарқын жүзіңмен төккен нұрын, Өзіңнен сезгендеймін өмір құнын. Мінезің жайма шуақ сай келіп тұр, Айтсаңшы қалқатай-ау мұның сырын. Көз жеткен жерге мендегі сөз жетпей тұр, Сен жайлы жаза берсем бітпейді жыр. Намысыңа тисе біреу хабарын бер. Жүресің қалай шыдап селт етпей бір. Қимастықпен бұл жырды мен тəмəмдайын Көмек қажет десең дайынбыз біз əрдайым Нөмеріңді қалдыра сал оқыған соң Шаттанып бір өзіңе звондайын. (с) Жағпаров Тайман
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕