Everything.kz

Ұмыт дейсің ұмыту саған онай ма?

Ұмыт дейсің ұмыту саған онай ма?

Is Covid Pandemic Over?

Ұмыт дейсің ұмыту саған онай ма? Ұмыту үшін не істеу керек бұндайда Ұмытып кетсем жалған болар сезімім Ұмыту жазылмаса екен деп едім маңдайға Ұ ұмтыламын ұмытуға сені ертерек М марқайып жүрер мағанда жаным кез келер Ы ырықсыз бір күн мағанда қайтып келмегін Т түнеріп көзің күлмесін саған кейін өзгелер Бақыт дейсің саған енді тілерім Қандай бақыт бақытымсың сен менің Талай тәтті бірге өткерген түндерім Ұмыт дейсің тас па сенің жүрегің Жазба дейсің жырларымды сен маған Жазбайын қалай ішімді зар тырнаған Арнап едім шумақтарды мыңдаған Кейпіңе жаным әлі әлі таңданам Мен сүйгенде өзгеше едің өзгеше Бақытты едім жырларым сені тербесе Періштем деп әлпештедім еркелеп Кінәм не жүрегімді жүрегің көрмесе Білмесем іздесемде ұмытудың мың айласын Күте күте қайтамын жарық күнім қарайғасын Сенің ернің сенің көзің табиғатың ерекшеғой Өзге қыздар деуші едің ғой әрі ойнасын Сол қызғаныш қайда кетті көрінбейді Ақиқаты қазір мынау еш білінбейді Сұрағыма жауап берші өтінерім Айыбым жоқ болсада кешір мейлі Ияя... мейлі қойшы айта айта шаршадым Қалмады менде басқа істер амалым уақыт емші ұмытармын бір күні Шағылмай қалды өзектегі мұңдарым Соңғы өтініш соңғы менің тілегім Ұмытқанда оралып қайта келмегін Қауызын ашпа тырнап ашып жарамды Тас жүрек болам жібімес саған жүрегім Жандосов Ғалымжан
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕