Everything.kz

☝ДIН ИСЛАМ - ДІҢГЕГІМ✅

☝ДIН ИСЛАМ - ДІҢГЕГІМ✅ Салеметсизбе. Кешириниз маган аллахтан бала сурау ушин окылатын дуга болса жаксы болар еди ---------------------------------------------------- Көп қазақ балалы болу Алланың қолында емес, екі жұптың қолындағы шаруадай көреді. Бір жылдың ішінде ақ босаға аттаған келіннен баланың белгісі білінбесе, ауыл-ауылдың арасын пыш-пыш әңгіме кезіп, келінге жан-жақтан суық сөздер, сұқ көздер қадала бастайды. «Қу тізесін құшақтаған қу бас», «жалғыз», «белсіз», «бедеу» деген неткен ауыр сөздер еді. Біраз уақыттан кейін осындай сөздерді де құлақ шала бастайды. Бұл сөздерден кейін шаңырақтан шаттық кетіп, отбасы-ошақ қасынан береке қашады. Бұдан соң бала ағайыннан алшақтап, келін қайын жұртқа жат боп кетеді. Бұл көптеген шаңырақтың басындағы жағдай. Әрине, бұның бәрі дініміз құп көретін сөздер емес. Сол үшін иманды қазақ «Жалғыз деме, Құдай жалғыз, Жетім деме, Пайғамбар жетім» деп, «жалғыз бен жетімге тіл тигізгенің, Құдай мен оның Пайғамбарын сөккенің» деп тыйып отырған. Елімізде бір балаға зар болып, басын тауға да тасқа да соғып жүрген жандар көп. «Әйтеуір бір баланың иісіне тұшынсам» деген аңсарына жету үшін көбінің бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Кейбіреуі ақыры болмаған соң, үмітін де үзіп жатады. Ал енді біреулер баланы Алладан тілеу керек екенін де білмейді. Баланың болмауы денсаулықтың кінәраты деп ойлап, аурухана жағалайтындар да көп. Әрине, бұл баланы әуелі Алладан тілеп, сосын амалын қылған адам үшін дұрыс қадам. Бірақ, дені-басы сау бола бойына бала бітпей жүргендер де бар емес пе? Демек, мәселе тек денсаулыққа байланысты емес екен. Ұрпақ сүюдің, перзентті болудың да дінімізде жөн-жоралғысы мен хикметі бар. Мұны әркім білген жөн деп санаймыз. Ендеше соны тізіп көрелік: 1. Балалы болу еркек пен әйелдің қолындағы құдірет емес. Ол Алланың жарлығы. Алла қалағанын үбірлі-шүбірлі қылады, қалағанын белсіз, бедеу қылады. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Көк пен Жердің иелігі Алланың құдірет қолында. Ол қалағанын жаратады, қалағанына қыз нәсіп етеді, қалағанына ұл. Немесе ұл мен қыздарды жұп-жұбымен береді. Қаласа тумайтын бедеу етіп те қояды. Ол сөзсіз бәрін білуші, бәріне құдіретті» (Шура сүресі, 49-50-аяттар), – дейді. Сондықтан да, бұл да иман мен тәуекелдің талабы. Сол үшін шаңырақ көтеріп, отау тіккен ерлі-зайыптылар балалы болу Алланың әміріндегі дүние екеніне имандай сеніп, Аллаға тәуекел етуілері керек. 2. Ерлі-зайыптылар жыныстық қатынасқа түсерде Ислам ғалымдарының ұсынған шарттарға сай амал етулері керек. Яғни, жыныстық қатынасқа түспестен бұрын кемінде дәрет алып, арнайы дұғасын оқыған абзал. Дұға: «Бисмилләһи! Аллаһумма жәннибнәш шәйтаанәә уә жәннибнәш шәйтаанәә мәә разәқтәнәә». Мағынасы: «Алланың атымен бастаймын! Аллаһым, бізді шайтаннан және шайтанды бізге нәсіп ететін ұрпағымыздан алыстат!». 3. Әр құлшылық-ғибадатында Алладан салиқалы, саналы, қайырлы ұрпақ тілеу керек. Мол дұға ету қажет. Бұл Пайғамбарлардан қалған ізгі амал. Ибраһим Пайғамбар Алла Тағалаға: «Уа Раббым, маған салиқалылардан болатын бір жақсы ұрпақ бергейсің!» (Саффат сүресі, 100-аят), – деп дұға қылса, Зәкәрия Пайғамбар да Раббына жалбарынып: «Раббым! Маған өз құзырыңнан игі ұрпақ бер. Шүбәсіз Сен дұға-тілекті естушісің» (Әли-Ғимран сүресі, 38-аят), – деп дұға қылған. Алла Тағала екеуіне де Исмаил, Ысқақ және Яхиядай ұл берді. Үшеуі де пайғамбар. Қазақ та ұрпақтың салиқалы, саналы болғанына аса мән берген. Сол себепті: «Иә, Құдайым, бала бер! Бала берсең сана бер! Санасыз болса бергенің, Ретін тауып ала бер!» – деп дұға қылған. 4. Бала болмаған жағдайда үмітсіздікке ұшырамау керек. Өз ағайын-туыстарымның арасында болған бірнеше мысал келтірейін. Бір бөлем бар. Үйленгеннен кейін жеті жылдай балалары болмады. Бармаған жері қалмады. Ақыры ең соңында бөлем қолына тәспісін алып, оразасын ұстап, бар үмітін Аллаға бұрып, дұға-тілеуін қыла бастады. Дұға-тілегімізді естуші Алла көп ұзатпай бірінің артынан бірі екі қыз берді. Аллаға шүкір. Тағы бір мысал, бажамның да үш жылдай баласы болмады. Дәрігерлер қан топтарының сәйкеспейтінін, сондықтан да бала болмау ықтималы басым екенін айтыпты. Соған қарамастан Алла бір бала берді. Баланың атын да көптен бергі армандары болғандықтан Арман қойды. Бұл баланың артынан да тағы егіз бала келді. Аллаға шүкір. Тағы бір бөлем бар еді. Тұрмысқа шыққанына 4 жылдай боп қалды. Содан бері бала жоқ. Ауруханадан аурухана тоздырды, ақшалай да шашылды. Бірақ, еш нәтиже шықпады. Бәрі Алладан екеніне көздері жетті. Қанша тырысқанмен, Алла қаламаса, болмайтын бала болмайды екен. Сол бөлем өткенде қуанышты жаңалығын біреу арқылы айтып жіберіпті. Сөйтсе, бойына бала бітіпті. Аллаға шүкір. Алла салиқалы ұрпақ нәсіп етсін. Міне, осы мысалдардың өзі де жеткілікті секілді.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Дін Ислам - Діңгегім