Everything.kz

Жұма мүбарак болсын! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!!!

Жұма мүбарак болсын! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!!!

Is Covid Pandemic Over?

Жұма мүбарак болсын! Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!!! Жаратушы бір Алла Бар ғаламның иесі. Қабыл етші дұғамды Жүректен шыққан келесі. «Анашым мен Әкемді Нұрыңа Алла бөлеші, Көтере алмас сынақты Жібере де көрмеші. Мен үшін қымбат жандарға «Жұмаққа кір, кел», - деші. Адасып жүрген жандарды Тура жолға жөндеші, Мұсылманның жүрегін Имандықпен емдеші. Бойға жақсы қасиет Сабыр, нығмет, ар берші. Қиналған жанды ақ жолға Бағыт беріп жөндеші. Отбасыма, үйіме Береке мен бақ берші. Отаныма, еліме Бейбіт арай таң берші. Қиялымның ұшқырын Арманыма сермеші. Иманы мол жігітті Жараттым саған тең деші. Мұсылмандық сипатқа Несібемді теңгерші. Кірпияз ғазиз көңілім Алладан өзгеге сенбеші. Мынау жалған дүниенің Арбауына көнбеші. Қиянат қылар теріс іс Ойыма мүлдем келмеші. Болса да жалған бұл өмір Төрт құбылам тең келші. Жүректегі иманым Мен сөнгенше сөнбеші.» #АйнашСадуақас
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕