Everything.kz

Сені шексіз сағыну -

Сені шексіз сағыну -

Is Covid Pandemic Over?

Сені шексіз сағыну - Маңдайымның соры екен ғой бес елі. Көңілімнің көлеңкесі еселі. Сүюден де тапқан бағым жоқ, Бірақ "Сүймегендер - бақытсыздар" деседі... Сонда мені бақыттыға санай ма? Сүю - бақыт? Сүймеу - сор ма? Алайда Солай деген адам бастан өткерсін Менің осы сезімімді қалайда! Сонда мені ұғар еді байғұсың, Өмір бойы өшіре алмай жүректегі қайғысын! Жарым жандай мең-зең болып кетер-ау, Жарты жолға тастай салып жайлы ісін. Бірақ мына сезімімді жауыма да бермесін, Мен өлгенде сезімімді бірге өзіммен жерлесін! Өзімменен бірге кетсін шым-шытырық шерлі есім, Өзімменен бірге кетсін запыранды зерлі есім! Мұның бәрі - сені сүйген сезімім, Махаббатта қалып еді не жыным?! Қайта-қайта сені, күнім, мазалағым келмейді, Өшпей қойды-ау тез үнім... Нуржан Кемалиев / 13-01-2017
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕