Everything.kz

Қазақ тілі

Қазақ тілі
Қазақ тілі Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер Антоним - Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы, елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-олақ адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші- араз көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда көп кездеседі. Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б. Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер. Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі белгісі сөздердің арасында мағыналық байланыс болмайды, яғни омоним сөздер әр түрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары көтеріп, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін, заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа жауап беретін қимыл-әрекет атауы болатын етістік. Ал Талдың басына қарлығаш ұя салыпты. Жолаушылар бұлақтың басына келіп демалды деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір нәрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де бір сөз табынан зат есім болып тұр. Синоним - Айтылуы, естілуі, жазылуы әр алуан, мағыналары бір-біріне жақын, жуық мәнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тән негізгі белгілер: 1) синоним сөздер әр түрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жәрдемші топ келді деген сөйлемдегі көмекші, жәрдемші сөзі бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден, сын есімдерден, етістіктерден және үстеулерден кездеседі. Кейбір сөздердің синонимдері тұрақты тіркес түрінде де кездеседі. Мысалы, сұлу, әдемі, көрікті сөзінің фразеологиялық синонимі үріп ауызға салғандай, қыздың жиған жүгіндей болса, алыс, қашық сөзінің тұрақты тіркес түріндегі синонимі ит арқасы қиянда, ит өлген жер. ҰБТ - Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар. Антоним қатысқан мақал-мәтелді көрсетіңіз. Антоним қатысқан мақалды табыңыз. Антоним қатысқан мақалды табыңыз. Антоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Антоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Антонимі бар мақалды табыңыз. Антонимді көрсетіңіз. Антонимді көрсетіңіз. Антонимдік жұбы бар мақал-мәтелді белгілеңіз. Антонимдік жұп қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Антонимдік жұп құрай алатын сөзді белгілеңіз. Антонимдік жұп құрай алатын сөзді табыңыз. Антонимдік жұп құрай алмайтын сөзді көрсетіңіз. Антонимдік жұпты көрсетіңіз. Антонимдік жұпты көрсетіңіз. Антонимдік жұпты табыңыз. Антонимдік қатарды белгілеңіз. Антонимнің анықтамасын көрсетіңіз. Біркелкі дыбысталатын, мағынасы әр түрлі сөздердің қалай аталатынын көрсетіңіз. Бағы жанды тіркесінің антонимін табыңыз. Епті сөзінің синонимін табыңыз. Зат есімді қос сөзден болған синонимі бар қатарды табыңыз. Зат есімнен болған синоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Көп нүктенің орнына антоним болатын сыңарды қойыңыз. Өтіріктің балын ішкенше, ... уын іш. Көп нүктенің орнына антоним болатын қажетті сөзді белгілеңіз. ... жомарт емес, ... жомарт. Көп нүктенің орнына антонимдік жұп құрайтын сөзді қойыңыз. Жақсыдан шарапат, жаманнан... Көп нүктенің орнына тиісті синонимді қойыңыз. Кішкентай қыз жатырқау... дегенді білмейді. Нұр сөзінің синонимін табыңыз. Омоним бола алатын сөз қатысқан қатарды көрсетіңіз. Омоним бола алатын сөзді көрсетіңіз. Омоним бола алатын қатарды белгілеңіз. Омоним бола алмайтын сөзді белгілеңіз. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз. Омоним бола алмайтын қатарды көрсетіңіз. Омоним болатын сөзді табыңыз. Омоним қатыспаған сөйлемді көрсетіңіз. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Омоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Омоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Омоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Омонимі бар сөйлемді табыңыз. Рақат сөзінің антонимін көрсетіңіз. Синоним сөздер қатарын көрсетіңіз. Синоним қатыспаған қатарды табыңыз. Синоним қатысқан сөйлемді белгілеңіз. Синоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Синоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Синоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Синоним қатысқан сөйлемді көрсетіңіз. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Синоним қатысқан сөйлемді табыңыз. Синонимі бар сөйлемді табыңыз. Синонимдік қатарды толықтырыңыз. Сана, ..., ... Синонимдік қатарды толықтырыңыз. Туыс, жақын, ... Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз. Сын есімнен болған синоним сөздер тізбегін көрсетіңіз. Таяқ тастам жер тұрақты тіркесінің антонимін көрсетіңіз. Тетелес сөзінің синонимін көрсетіңіз. Туынды етістіктен болған синонимі бар сөйлемді көрсетіңіз. Тәбеті тартпады тіркесінің антонимін көрсетіңіз. Қай сөйлемде сын есімнен болған синоним барын табыңыз. Қуанышы қойнына сыймау тұрақты тіркесінің синонимін табыңыз. Үстеу қатысқан синонимі бар сөйлемді табыңыз. Ұшан-теңіз сөзінің синонимін табыңыз.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества ЕНТ 2016 | ҰБТ 2016 | KAZTEST.RU