Everything.kz

"Келіп кетші"

"Келіп кетші"
"Келіп кетші" Келіп кетші жағдайымды көріп бір, Бүгінгі күн тағы мұңды болып тұр. Сүйем сені,айтшы қалай ұмытам, Естелік те өткенімде толып тұр. Біз екеуміз бұл сезімнен нені ұқтық, Тек білерім тым ертерек жолықтық. Тым ертерек айырылып кеттік те, Қазір мүлде бөтен жандар болыптық. Аруым-ай,көзі мөлдір,ай-мүсін, Маған берші жүрегіңнің қайғысын. Мен көтере алам барлық мұңыңды, Сен бақытты болу үшін,жай,түсін. Не қалайсың менсіз жалпы қал-қалай? Шыныңды айтшы осы жолы алдамай. Сен де мені сағындың ба ақ еркем, Сен де мені сүйесің бе арман-ай? Айтылмаған сөз қалды ма арада, Есім қойдық туылмаған балаға. Ең соңғы рет маған қайта оралшы, Келіп кетші жараласаң,жарала. Соңғы күндей өтіп жатыр бұл күнім, Айрылмауға мен жасадым мүмкінін. Құшағыма алып,айттым сыбырлап, Тыңдаттым да, жүрегімнің дүрсілін. Айтпашы тек әлі қоймай жүрсің деп, Мен жазбаймын,сен үстімнен күлсін деп. Жүрегімнің үнін саған тыңдатқам, Сені ғана сүйгем,соны білсін деп! Мирас Сансызбек
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕