Everything.kz

"Сол бір кісі"

"Сол бір кісі"

Is Covid Pandemic Over?

"Сол бір кісі" Ең бірінші көздеріңе ғашық болдым, Құлай-құлай сүйдім де тасып толдым. Ол көздерің есімнен адастырып, Мына әлемнен бір жола қашық болдым. Ұнайды оның маған әрбір ісі, Ашық жарқын, жайдары сол бір кісі. Мені өзіне баурап алды күлкісімен Елестейді көз алдыма сол бейнесі. Көзбен ғана байланғанмын көзіңе, Әлемде шын ғашықпын бір өзіңе. Қасыңда ұялшақтап бұл жүрегім Батар емес сезімін білдіруге. Мұндай сезім мен ешқашан сезінбегем, Сізді ойлаумен күні-түні көз ілмегем. Сезімдерім құдды бір теңіз дерсің, Таусылмай, ағып жатыр өздігінен. Сағындым десем қазір келемісің, Әлді әлі сағындырып жүремісің. Жүрегімнен аулақ ұстап, ұмытқан соң, Жақсы көріп, есік қағып келемісің. Жүрші аман, болшы есен қашанда, Бар бақытым сол бір ғажап адамда. Тәңірімнен тілеймін амандығын. Мейлі бақыты басқа адам болсада. Қазір мені ақымақтау деп ойларсың, Ғашықтардың көбі сондай бұл расым. Автор: Серғали Ажар.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕