Everything.kz

Өмір деген...

Өмір деген...

Is Covid Pandemic Over?

Өмір деген... Өмір-деген ғажайып бір тылсым-ақ, Жалған дүние,мәңгілігі жоқ бірақ. Бұл өмірдің сиқыры мен сырларын, Ойландың ба, бар ма екен бір жауап?... Өмір-деген, жауабы жоқ мың сұрақ, Адам болып жаралғаның да жұмбақ. Қайда,қашан,қалай алғаш жаралдың? Шамаң келсе ойланып көр талқылап... Өмір-деген,өмір-деген бар бірақ, Санаңа еш сыймай кеткен сан сынақ. Бұл өмірдің сынағында шимай көп, Сырған жерін жаншып өтер қамшылап... Өмір-деген, өмір-деген алдамшы, Сол өмірде сен алданып қалмашы. Жалған дүние жалғандығын жасайды-ақ, Жалғангой деп сен үмітсіз болмашы... Өмір-деген бақыты мен қайғысы, Қатар жүрер жақсылық пен айласы. Күнің кетіп қараңғылық басқанда, Боладығой айлы түннің жайлысы... Өмір-деген сынаптайын сырғып-ақ, Өте шығар,қайтар жолың жоқ бірақ. Адамдықтың қадірін сен ұққанда, Өкініштен өзегің тұр қан жылап... Өмір-деген жалған дүние,тек сынақ, Сыналғансоң қайтар жерің бір бірақ. Жаратқанның бізге қойған талабы, Әміріне мойынсыну тек шыдап... Жаратқанға жан тәніңмен құлдық ет, Жақсылықты Тәңіріңнен көп тілеп. Сабырлы бол,шыдамды да жігерлі, Өмірдің бар сынағынан сынбай өт... Өмір-деген АМАНАТЫ Алланың, Аманатқа сен қиянат қылмағың. Нәпсіге еріп,жетегінде жын қуып, Соңғы сәтте бармақ тістеп қалмағың... B.N.
Эта статья была автоматически добавлена из сообщества Поэзия әлемі ♕